Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

15 наурыз Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні

Өздеріңіз белгілі, жыл сайын 15 наурызда Дүниежүзілік тұтынушылар құқығы күні атап өтіледі. Қалыптасқан дәстүр бойынша халықаралық Тұтынушылар ұйымы (Consumers international, CI) жыл сайын жұртшылықтың назарын қандай да бір өзекті проблемаға аудару үшін тұтынушылардың құқықтары дүниежүзілік күнінің тақырыбын айқындайды.

Осы жылы Consumers International жұртшылықты цифрлық қаржылық қызметтер сегментінде тұтынушылардың құқықтарына назар аударуға шақырды, сондықтан 2022 жылғы 15 наурызда Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күнін "Fair Digital Finance - "Әділ цифрлық қаржылық қызметтер"ұранымен өткізу туралы шешім қабылданды. Цифрлық технологиялар мен интернетті пайдалану қаржы ұйымдарына өз қызметтеріне қол жеткізуді жылдамдатуға және жеңілдетуге мүмкіндік берді.

Банкоматтар, банктік төлем және банктік емес терминалдар — өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары, сатушының қатысуынсыз тауарлар мен қызметтерді төлеуге немесе банк кассирінің қатысуынсыз қолма-қол ақшаны алуға мүмкіндік беретін төлем құралдары.

Мобильді банк, интернет-банк - пайдаланушыға өзінің банктік және карточкалық шотының жай-күйін қашықтықтан бақылауға, сондай-ақ үйден шықпай, компьютердің, планшеттің, ұялы телефонның көмегімен төлемдер, аударымдар және сатып алулар жасауға мүмкіндік беретін бағдарламалық өнімдер.

Барлық осы жаңа және ыңғайлы қаржы құралдары жайлы пайдаланушылық ортаны қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар ескерілуі қажет жаңа тәуекелдерді де тудырады.

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тұтынушылардың құқықтары бекітілген. Аталған  Заң тұтынушының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) иеленуге еркін шарт жасасуға, тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы ақпарат алуға, қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға, тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдауға, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасына, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан өздерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтету   құқықтарын қарастырған.

Бұл ретте тұтынушыны нарықтық қатынастарда барынша қорғау мақсатында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыратындығын атап өткен жөн. Атап айтсақ өткен жылы осы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді және осы жылы осындай өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар  жүргізілуде.


Интернет арқылы, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы тауарларды сатып алу және төлеу кезінде тұтынушылар алдау мен алаяқтыққа жиі тап болатыны құпия емес. Осыған байланысты қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу әзірленуде.

Бұдан басқа, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қалыптасқан проблемаларды шешу үшін ерікті мүшелікке негізделген коммерциялық емес ұйымдық-құқықтық нысанында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің ұлттық қауымдастығының (ҚБҰҚ) жұмыс істеуі үшін заңнамалық негіз қалау ұсынылды. Өмір тұтынушылардың құқықтарын тиімді қорғау және "кәсіпкер-тұтынушы" қарым-қатынастарында өзара жұмыс жасау үшін тұтынушыларға мықты ұйым қажет екенін көрсетті. Сондықтан да тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің ұлттық қауымдастығы (бұдан әрі – ҚБҰҚ) институтын заңнамалық бекіту және оның жұмысының, функцияларының, қаржыландырылуының және т.б. қағидаттарын белгілеу қажет. Сондай-ақ, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтын енгізу ұсынылды. Омбудсмен мәртебесі Қазақстан тұтынушыларының құқықтарын қорғау саласының жүйелі проблемаларын оларды шешу жолдарын талқылау үшін мемлекеттік биліктің жоғары эшелонына шығаруға мүмкіндік береді.

Осылайша, омбудсмен халық пен қоғамдық бірлестіктердің дауысы ретінде қызмет ететін болады, ол тұтынушылардың құқықтары бұзылған салалардың қазіргі проблемаларын мемлекеттік биліктің бірінші тұлғаларына тікелей жеткізеді. 

Тұтастай алғанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға ұсынылатын түзетулер тұтынушының қанағаттанушылығын қамтамасыз етіп, әлеуметтік тепе теңдікті қалыптастыруда оң нәтиже береді. Әзірленген өзгерістер мен толықтыруларды заңнамалық тұрғыдан бекіту тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін неғұрлым сапалы деңгейге көтереді және қазақстандықтардың өмірінде жағымды өзгерістерге әкеледі.



Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Қызылорда облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті




04 наурыз 2022 ж. 606 0

Күнтізбе

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?