ТҰТЫНУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
Күнделікті өмірде әрқайсымыз өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға немесе тапсырыс беруге ниетті тұтынушы – жеке тұлға болып табыламыз.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылдың 4 мамырдағы №274 Заңы (әрі қарай - Заң) тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін, сондай – ақ тұтынушыларды қауіпсіз және сапалы туарлармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен) қамтамасыз ету жөніндегі шараларды айқындайды.
Тұтынушы қандай құқықтарға ие?
Заңның 7-бабында тұтынушылардың құқықтары көрсетілген.
Тұтынушылардың:
1) тауарларды (орындалатын жұмысты және көрсетілетін қызметті) иеленуге еркін шарт жасасуға;
4) қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға;
5) тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдауға;
6) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасына;
7) тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алуға немесе қайтарып беруге;
11) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құруға;
13) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға;
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қызылорда облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті. Тел: 8(7242) 23-50-72, 23-50-66.