Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Магистральдық құбырларды қауіпсіз пайдалану

Қазіргі таңда мұнай өндірісі ұлғаюына байланысты магистральдық құбырларымен тасымалдау түрі дамып келеді. Мұның барлығы қолданыстағы құрылғылардың, соның ішінде резервуарлардың, резервуар парктерінің, мұнай және мұнайөнімдерінің тасымалдау жүйесінің қауіпсіз қолданылуы мен кепілділігі өзекті мәселе екендігін көрсетеді.

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау және магистральдық құбырды қауіпсіз пайдалану үшін жағдайлар жасау мақсатында төселім түріне қарамастан оның трассасы бойында, сондай-ақ магистральдық құбыр объектілерінің төңірегінде магистральдық құбырдың қауіпсіздігі жөніндегі техникалық регламент талаптарына сәйкес жергілікті жерлерде арнайы белгілермен белгіленетін күзет аймақтары орнатылады. 

Магистральдық құбырдың күзет аймағында өткелдерді, қаражолдарды және магистральдық құбыр трассасы мен оның күзет аймағын өзге де уақытша немесе тұрақты көлікпен кесіп өтудің орналасу орындарын салуға, бағбандыққа және орман өсіруге, кез келген құрылыстар мен ғимараттар салуға, магистральдық құбырдың меншік иесінің келісімінсіз тау-кен, құрылыс салу, монтаждау және жару жұмыстарын жүргізуге, жерді тегістеуге, ұңғымалар, тікқазбалар орнатуға және топырақ сынамаларын (топырақ үлгілерінен басқа) алуға байланысты геологиялық түсіру, іздеу, геодезиялық және басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізуге болмайды.

Магистральдық құбырды пайдалану кезінде құбырдың желілік бөліктері, бас және аралық сорғы және компрессорлық станциялар, ғимараттар мен құрылыстар, газ тарату станциясы, құю сорғы станциялары, қысымды төмендету станциялары, мұнайды жылыту станциялары, резервуарлық парк, құбыржолдарды коррозиядан электр химиялық қорғау қондырғылары, технологиялық байланыс желілері мен құрылыстары, құбыржолдарды телемеханика құралдары, электр беру желілері және электрмен жабдықтау құрылғылары, бекіту арматурасы және электрхимиялық қорғанысты қашықтықтан басқаруға арналған жолдар, желілік бөліктің трассасы бойында орналасқан тікұшақ алаңдары және оларың кіреберістерін қатаң бақылауда болуы қажет.

Магистральдық құбыр мен оның объектілерінің техникалық жай-күйін анықтау мақсатында бірқатар арнайы жұмыстар мен іс-шаралар кешенін жүргізу қажет. Яғни, желілік бөліктің құбырішілік диагностикасын кемінде бес жылда бір рет, резервуарларды алғашқы диагностикалау 20 жылдан астам пайдаланудағы және авариядан кейінгі жөндеу жүргізілген, күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін жүргізіледі. Сонымен қатар, резервуарларды ішінара бес жылда бір рет, толық он жылда бір рет диагностикалық тексерістен өтеді. Қолданыстағы ыдыстарға техникалық куәландыру кемінде сегіз жылда бір рет, технологиялық құбырлардың тығыздығы мен беріктігіне кемінде үш жылда бір рет гидравликалық сынақтар жүргізіледі. Сұйытылған мұнай газдары тасымалданатын магистральдық құбыр объектілері екі жылда кемінде бір рет бақылаудың бұзылмайтын әдістерімен диагностикалау жүргізіледі. Бұдан басқа, тоттануды бақылау, катодтық қорғаныстың жай-күйі, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика, тыныс алу және сақтандыру клапандары, жерге тұйықтау және жайтартқыштар кезең-кезеңімен тексеріледі.

Диагностикалық тексеруді осы жұмыс түрлерін орындауға және тиісті қорытындылар беруге аттестатталған мамандандырылған ұйымдар ғана орындайтынын атап өту керек.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті сақтау, жұмыс барысындағы алғышарттарының бірі болып табылады, сондықтан әрдайым өндірістік бақылауды үнемі және қатаң жүргізіп, кәсіпорынның өндірісті жүргізу әдістерін, технологиялық нормативтерін, техникалық құралдарын, технологиялық процесті жүргізу шарттары мен тәртібін, жұмыс жүргізу қауіпсіздігін белгілейтін ішкі нормативтік құжаты бойынша, яғни техникалық регламент бойынша жұмыс жүргізу қажет.



ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібіндегі, магистральдық құбырларды және жару жұмыстарын мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы – Шаханов Данияр Ануарбекович


28 маусым 2021 ж. 1 097 0

Күнтізбе

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?