Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Тұтынушыға 200 000 теңге тұратын газ қазандығы ауыстырылды

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қызылорда облысының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне (бұдан әрі - Департамент) тұрмыстық заттар сататын сауда үйіне (бұдан әрі – Сатушы) қатысты сапасыз құны 200 000 теңгеден асатын газ қазандығын (UNO/RIO 31.5квт) ұсыну фактісі бойынша тұтынушыдан жазбаша өтініш келіп түсті. Тұтынушының өтінішіне сәйкес газ қазандығы бірнеше уақыттан кейін дұрыс жұмыс істемей қалған, атап айтқанда аталған қазандық 40 градустан асқанда өзінен өзі өшіп жұмыс істемей қалады. Осыған сәйкес тұтынушы тауардың кемшілігінің кепілдік мерзімі ішінде табылғанына байланысты сатушыдан газ қазандығын ауыстырып беруді сұраған, алайда сатушы тауардың кепілдік жағдайына жатпайды деп өтінішін қанағаттандырылусыз қалдырған.

Осыған байланысты тұтынушы бұзылған құқықтарын қорғау үшін департаментке жүгінді. Бұл ретте департамент тұтынушының арызына сәйкес тексеру туралы шешім қабылдап, жұмыстар жүргізді. Тексеру жүргізу барысында сатушы тұтынушымен келісімге келіп, газ қазандығын ауыстырып беруге келісті. Тұтынушы тарапынан департаментке жолданған арыз қайтып алынды.

Осылайша, Департаменттің көмегімен тұтынушының құқықтары қалпына келтірілді.Тұтынушылардың құқықтары «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалғанын естеріңізге саламыз. Қызмет көрсетушілер мен сатушылардан заң талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз.

16 маусым 2022 ж. 589 0

Күнтізбе

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?