Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

«Сіздің дауысыңыз маңызды» ақпараттық науқаны басталды


Қазақстанда жастар мен әйелдер арасында «Сіздің дауысыңыз маңызды» ақпараттық науқаны басталды.

2022 жылғы 20 қыркүйекте сағат 9:30-да Қызылорда қаласында Жахаев көшесі, 63, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында «Сіздің дауысыңыз маңызды. Технологиялар арқылы азаматтық шешім қабылдау» жобасының аясында ақпараттық науқан өтеді. 

Жоба Еуропалық Одақтың қолдауымен жүзеге асырылады және оның мақсаты жастар мен әйелдерді азаматтық технологиялар туралы, азаматтар мен үкіметтің өзара әрекеттесуін жеңілдететін құралдар мен қызметтер туралы ақпараттандыру, сондай-ақ ҮЕҰ-ды білім беру жұмыстарына тарту болып табылады.

Жобаның жоспары:

● Қазақстанның 5 қаласында ақпараттық науқан өткізу – Қызылорда, Талдықорған, Петропавл, Семей және Ақтауда;

● 7 күндік онлайн марафон (электрондық цифрлық қолтаңбаны, eGov сертификаттарын алу дағдылары мен білімі, өтінімдерді беру, Damumed’ке тіркеу және т.б.);

● Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында 3 күндік лагерь (азаматтық технологияларды, ақпараттық-насихат құралдарын және жобаларды басқаруды тереңдетіп оқыту);

● 3500 еуро көлемінде өз идеяларын қаржыландыру үшін бастамашыл топтар мен ҮЕҰ арасындағы бәсекелестік.

Қосымша ақпарат алу үшін ITeachMe жобасының менеджері Светлана Пономареваға мына телефон арқылы хабарласыңыз: +7 702 2862716, немесе e-mail: iteachme2020@gmail.com немесе Ақмарал Қарлыбаева, ОАЕҚ жобасының менеджері: + 7 701 346 21 77 немесе e- пошта: akmaralk@ef-ca.org.

Жоба «Сіздің дауысыңыз маңызды. Технологиялар арқылы шешім қабылдауға азаматтық қатысу» инклюзивті азаматтық технологиялар мен цифрлық сауаттылық, қоғамдастық басқаратын әлеуметтік шешімдер және стратегиялық ақпараттық науқан арқылы Қазақстандағы әйелдер мен жастардың барлық деңгейлерде шешім қабылдаудағы рөлін нығайтуға бағытталған. Жобаны ОАЕҚ және «ITeachMe» ҚҚ құзыреттілігін дамыту орталығы жүзеге асыруда. Жобаның ұзақтығы: 24 ай (2022 ж. ақпан – 2024 ж. қаңтар). 

«ITeachMe» құзіреттілікті дамыту орталығы – қызметі тең мүмкіндіктер жасауға және әр адамның әлеуетін ашуға бағытталған қоғамдық қор. Біз ҮЕҰ, бизнес секторы мен мемлекет өкілдерін тең мүмкіндіктерге ие инклюзивті қоғам құру, заманауи мамандықтарды оқыту және өзінің ең жақсы нұсқасы болуға шабыттандырамыз. Біз туралы толық ақпарат iteachme.kz сайтында

Орталық Азияның Еуразиялық қоры (ОАЕҚ) - аймақта 2005 жылы құрылған қоғамдық ұйым. ОАЕҚ азаматтарға жергілікті қоғамдастықтарды нығайту және азаматтық және экономикалық әл-ауқатты жақсарту арқылы өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін мемлекеттік және жеке ресурстарды жұмылдырады. ОАЕҚ бағдарламалары туралы қосымша ақпаратты мына сайттан алуға болады: http://www.ef-ca.kz.

Еуропалық Одақ озық жетістіктерін, ресурстары мен тағдырларын біріктіруге шешім қабылдаған 27 мүше мемлекеттен тұрады. 60+ жылдан астам кеңею кезеңінде олар мәдени әртүрлілікті, төзімділік пен жеке бас бостандығын сақтай отырып, тұрақтылық, демократия және тұрақты даму аймағын құрды. Еуропалық Одақ өзінің жетістіктері мен құндылықтарын дүние жүзіндегі елдермен және халықтармен бөлісуге дайын.

15 қыркүйек 2022 ж. 1 156 0

Күнтізбе

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?