Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Супермаркеттер (дүкендер) үшін жадынама!

ҚР Сауда және интеграция министрлігі «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 7-тармағына сәйкес сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарларды сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісі мен азық-түлік тауарларын жеткізуші арасында азық-түлік тауарларын беру шартын жасасу кезінде жеткізушіден белгілі бір азық-түлік тауарларын сатып алуына байланысты ішкі сауда субъектісіне төленетін сыйақыны азық-түлік тауарының бағасына қосу көзделуі мүмкін екенін хабарлайды. Көрсетілген сыйақының мөлшері осы шарт тараптарының келісуіне жатады және сатып алынған азық-түлік тауарлары бағасының 5% аспауға тиіс. Сыйақының көрсетілген жиынтық мөлшерін есептеу кезінде қосылған құн салығының сомасы ескерілмейді. Ішкі сауда субъектісінің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеде көрсетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерін сатып алуына байланысты осы тармақта көрсетілген сыйақыны төлеуге жол берілмейді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген сыйақы мөлшерінен асқан кезде ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Анықтама: Сыйақы-тауар берушінің азық-түлік тауарларын ілгерілету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, азық-түлік тауарларын сатып алуға және өткізуге байланысты тауарларды сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісіне, оның ішінде осындай тауарларды жарнамалау және оларды арнайы орналастыруды жүзеге асыру, сондай-ақ осы тауарларды дайындау, өңдеу, буып-түю арқылы ақшалай төлемі, сауда желілеріне жіберу немесе ірі сауда орындары.

Сонымен қатар, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 204-3-бабына сәйкес сыйақы мөлшерінен асып кету ескерту жасауға әкеп соғады. Жыл ішінде заңнама талаптарын қайталап бұзу 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мыналар жатады:


ақ қант– құмшекер

күнбағыс майы

бірінші сортты бидай ұны

тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілігі)

бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны(пішінді)

сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)

рожки(өлшеніп салынатын)

майлылығы 2,5% жұмсақ қаптамадағы сүт

қарақұмық жармасы (дәнөлшеніп салынатын)

майлылығы 2,5% жұмсақ қаптамадағы айран

тазартылған күріш(домалақ дәндіөлшеніп салынатын)

сары май (тұздалмағанмайлылығы 72,5 %-дан кем емес, толтырғыштар мен өсімдік майлары жоқ)

картоп

сәбіз

тауық жұмыртқасы (I санатты)

басты пияз

ас тұзы

аққауданды қырыққабат

сүзбемайлылығы 5 – 9 % 

18 тамыз 2022 ж. 664 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?