Діни нысандар
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті
Орталық мешіт 2008 жылдың 30 кыркүйек күні Ораза айттың бірінші күні Қызылорда қаласында Сырдария мөлтек ауданында ашылған. Авторы сәулетші Қазбек Жарылғапұлы. Ғимараттың жалпы ауданы 3363 шаршы метр. Мешітте бір мезгілде 1300 адам намаз оқи алады. Мешіт ақ мәрмәрдан салынып, 3 күмбезбен көмкерілген.
Мекен жайы Қызылорда қаласы, Жібек жолы көшесі, Бейбарыс Сұлтан көшелерінің қиылысы
Айтбай мешіті
Айтбай мешіті Қызылорда қаласында орналасқан сәулет өнері ескерткіші. 1878 жылы Айтбай қажының қаржысына Әулиеата шеберлері Ысқақ пен Камал салған. Алдыңғы жағы үлкен портал болып келеді, күйдірілген қышпен өрнектелген, ортасындағы ойық-есік, екі жағынан төрт жалған терезе іспеттес оймышпен әшекейленген. Төбесі қаңылтырмен жабылып, іші сыланып, әктелген. Республикалық маңызы бар, қорғау аймағы белгіленген архитектуралық ескерткіш.
Мүсірәлі Ата мешіті
Мекен жайы: Қызылорда қаласы, Мұрат Саламатов көшесі, №15 Б
Құдай Анасы иконасының Әулие-Казаньдық шіркеуі
Шіркеу Перовск қаласында 1855 жылдың 15 қазанында ашылған, қала орталығында орналасқан. Биіктігі 18 м, қабырғасы 17 метрден қиылған бұрыштары бар, күйдірілген кірпіштен қаланған. Ішкі бөлмесі крест сияқты бөлінген екі жарықты күмбезделіп жабылған, ғимараттың алдыңғы жағында шіркеу мұнарасы салынған. Қас беті өрнекті қышпен өрілген. 250-300 –ге дейін келушілерге арналған.
Мекен жайы: Қызылорда қаласы, Иса Тоқтыбаев көшесі, №5