Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Жетекшілік ететін салалар

Діни тұрақтылық - Қазіргі таңда қала бойынша 19 мешіт, 10 өзге діни бірлестік тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың барлығы Әділет департаментіне тіркелген.
Қала әкімдігі жанында дін мәселесі бойынша тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында 24 мүшеден тұратын ақпараттық-түсіндірме тобы жұмыс жасайды.

Жастар саясаты - Жалпы, Статистикалық мәліметке сәйкес қала халқының67 мың 583-ін 14 пен 29 жас аралығындағы жастар.
Бұл жалпы халықтың 21,9% пайызын құрайды. (Оның ішінде ерлер 34 210, әйелдер 33 373, қала жастары 60 518, ауыл жастары 7 065 құрап отыр).
15 пен 28 жас аралығындағы жұмыс күшінің саны 35 602-ні құрап отыр.
Мұнан бөлек, қала орталығындағы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында 28 мың 974 студент жастар білім алуда. (жоғарғы оқу орны 11 498 жас, арнаулы оқу орнында 17 476 жас).

Үкіметтік емес ұйымдар - Қазіргі уақытта облыстық Әділет басқармасының мәліметіне сәйкес, Қызылорда қаласы бойынша 432 ҮЕҰ тіркеуде тұр. Оның ішінде 163 қоғамдық қорлар, 269 қоғамдық бірлестіктер бар.
Қала әкімінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы №6659 қаулысымен Қала әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі Кеңес құрамы бекітіліп, онда қалалық дербес бөлім басшылары, саяси партиялар мен белсенді қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мүшелік етуде..

Қоғамдық кеңес - Бұған дейін Елбасының «100 нақты қадам»  Ұлт жоспарының 99-шы қадамына сәйкес 2016 жылдың 10 ақпанында қалалық Қоғамдық кеңес құрылған болатын.  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 9 бабында Қоғамдық кеңес өкілеттіктерінің мерзімі үш жылды құрайды делінген. Осыған орай, 2019 жылдың ақпан айында қалалық Қоғамдық кеңес өкілеттіктері тоқтатылды. Жоғарыда көрсетілген заңға сәйкес 2019 жылдың 15 наурызында қалалық мәслихаттың №224-38/4 шешімімен қалалық Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы қалыптастырылды. Кеңес құрамы 14 мүшеден тұрады. Төрағасы болып Дүйсенбаев Серік Әбішұлы сайланып, 2019 жылға бекітілген жұмыс жоспары толық жүзеге асырылды.

Медиация саласы - «Қызылорда қаласында медиация қызметін дамыту» әлеуметтік қызметі жүзеге асырылуда.

Open Qyzylorda - 2017 жылдың 15 наурызынан бастап облыста алғаш халықпен тығыз байланыс орнату мақсатында әлеуметтік желіде «Open Qyzylorda» жобасы жүзеге асырылып, бүгінде бұл жоба толықтай нәтижесін көрсетуде. «Open Qyzylorda» жобасы Қызылорда қаласында коммуналдық кәсіпорындарды, қалалық басқармалар мен ведомстволарды біріктірген бірден бір жоба.
Қазіргі таңда қаланың барлық коммуналдық саласындағы мәселелер бойынша (құбырдағы ақау, қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасы, жол мәселесі, тұрғын үй жанындағы түнгі құрылыс немесе стихиялық қоқыс тастайтын жерлер) туындаған қала тұрғындарының сұрақтары «Open Qyzylorda» нөміріне жолдануда.
Алғашқы кезеңде қала тұрғындары жұмыс күндері ғана (дүйсенбі-жұма) сағат 09.00-ден 19.00-ге дейінгі уақыт аралығында өз сауалдарын жолдай алса, 2018 жылы жобаның маңыздылығы артып, сенбі-жексенбі күндері де тұрғындар сауалы бойынша үзіліссіз жұмыстар жүргізілуде.
Жолданған хабарламалар қалалық ішкі саясат бөлімімен бекітілген маман арқылы тікелей сала басшыларының, сала мамандарының назарына ұсынылып отырады.

Күнтізбе

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?