Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Бөлімге бағынысты ұйымдар

Қызылорда қалалық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Директоры қызметіне 2020 жылдың 10 қаңтарынан бастап Кеңшілік Сабыржан Бауыржанұлы тағайындалды.
Сабыржан Бауыржанұлы, 1994 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қызылорда қаласына қарасты №12 І.Қабылов атындағы орта мектебінің түлегі. М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінде «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім алған, жоғарғы білімін «Ақмешіт» институтының «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2012 жылы «Қызылорда жастары» Қауымдастығы Еріктілермен жұмыс жасау бөлімінің жетекшісі қызметінен бастап, 2014 жылы «Қызылорда – Ақиқат Айнасы» жастар қоғамдық бірлестігінің Жоба үйлестірушісі, 2014-2018 жылдары аралығында Қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдіскері, «Көшбасшылар» клубының жетекшісі, 2014-2019 жылдары аралығында «Сана» зияткер жастар мектебі» Қоғамдық қорының Президенті, 2018-2020 жылдары аралығында Жалағаш аудандық оқушылар үйі "Цифрлық лаборатория" кабинетінің меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарып келген.
Сонымен қатар Сабыржан Бауыржанұлы Қызылорда облысы әкімінің «Сыр Үміті» жастар сыйлығының иегері, Ұлттық тренерлер пулының тренері, «Жастар қызметкерлері» Қауымдастығының мүшесі болып табылады.

Күнтізбе

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?