Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Бағыттар

Қала  әкімдігінің
2012 жылғы  «___» ___________
№_____  қаулысымен бекітілген
қосымша № ___
Қала әкімдігінің
2004 жылғы «30» желтоқсандағы
№891 қаулысы
«Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-бөлім) қала бойынша ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
Бөлімнің құрылтайшысы Қызылорда қаласының әкімдігі болып табылады.  
2. Бөлімнің мынадай ведомствосы бар:
1) «Қызылорда медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
3. Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6.Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. Бөлім құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев  №76 үй, индекс 120014.
10. Мемлекеттiк органның толық атауы: «Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
«Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі:  09.00-13.00
     13.00-15.00 түскі үзіліс
     15.00-19.00
     Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
11. Осы Ереже бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Бөлім қызметiн каржыландыру қалалық бюджетiнен жүзеге асырылады.
13. Бөлім кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Бөлімнің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер бөлім заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
14. Бөлімнің миссиясы:
қоғамдық - саяси  тұрақтылықты, аймақтағы ұлттар бірлігін сақтауға, мемлекеттілікті нығайту, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын дамыту және қолдау, ақпараттық кеңістіктің бәсекелестігін арттыру және жастарды дамыту үшін жағдай жасауға бағытталғанмемлекеттік саясатты тиімді іске асыру.
15. Міндеттері:
1) Қалада ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Қала көлемінде ішкі саясат бағдарламаларының жасалуы мен орындалуын мүдделі органдармен бірлесе ұйымдастыру;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс, қала әкімінің бөлім құзырына қатысты мәселелер бойынша актілер мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
4) Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын өңірде түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;
5) Қалада ішкі саясат саласындағы маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
6) Ішкі саясат саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша практикалық ұсыныстар, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарының тиімді іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
7) Ішкі саяси процесстерді және олардың даму үрдістерін зерделеу мен оларға талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
8) Азаматтық қоғам институттарымен, өңірдің қоғам жұртшылығының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау болып табылады;
9) Қала көлемінде ішкі саясат бағдарламаларын іске асырылуына мониторинг жүргізу, жастар саясатының жүзеге асырудағы аймақтық бағдарламаларды қаржыландыру.
16. Функциялары:
1) Бөлім жұмысының сапасы мен өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында оның қызметiнiң бағыттары бойынша iшкi бақылауды жүзеге асырады;
2) Саяси партиялардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
3) Бөлім Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің тиісті мемлекеттік органдарда пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асырады;
4) Ішкі бақылау қызметін жүзеге асырады;
5) Өңiрлiк бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттiк ақпараттық саясатты iске асырады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өңiрлiк деңгейде мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және оның жүзеге асырылуын бақылайды;
7) Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
8) Қаладағы діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді;
9) Жергілікті деңгейде өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
10) Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасы жергілікті атқарушы органдарға жүктейтін өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады;
2) «Кызылорда медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің функциялары:
1) Облыстың және қаланың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени-рухани өміріндегі оқиғалары туралы, оқырмандарды қызықтыратын басқа да ақпараттардан тұратын өзекті, шынайы және толық мәліметпен қамтылған қоғамдық-саяси баспа басылымдарын дайындап, шығару;
2) Қызылорда қаласының имиджін қалыптастыруға бағытталған материалдарды жариялау;
3) Облыста, қалада жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалардың мәнін түсіндіру;
4) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамалық қызмет; 
5) Бұқаралық ақпарат құралдарын тарату: сату, жаздыру, жеткізу, мерзімді баспа өнімдерін тарату.
17. Құқықтары мен мiндеттерi:
1) Ішкі саясат бағдарламалары бойынша қызмет түрлерін, тауарларды, жұмыс түрлерін мемлекеттік сатып алуға ұйымдастырушы болады;
2) Бөлім қызметін жүргізу үшін қажетті мәліметтер мен хабарламаларды заңнамада көрсетілген уақытында мемлекеттік органдардан, мекемелер мен ұйымдардан сұрастырады және алады;
3) Ішкі саясат іс-шаралары мен жұмыстарын жүргізуге келісім-шарттар жасасады;
4) Өз қызметі жайлы ақпарат тарата алады;
5) Өз құзыреті шегінде мемлекеттік басқарушы органдардың қарауына мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар бере алады;
6) Қолданыстағы заңнама мен берілген басқа да құқықтарды пайдалана алады;
7) Бөлім ішкі саясат саласында өз құзыреті шегінде қалалық бөлімдермен жұмысын үйлестіре алады. Осы мақсаттарда бөлім қала әкімін ақпараттандыруға, жинақтап қорыту үшін олардан деректер мен ақпаратты сұрауға құқылы;
8) Мекеменің заңды тұлғамен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органымен өзара қарым-қатынастары, заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастары қолданыстағы заңдылыққа сәйкес реттеледі;
3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
18. Бөлім басшылықты жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
19. Бөлім бiрiншi басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Бөлімнің бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:
1) өз қызметін жүзеге асыру кезінде қала әкімі мен жетекшілік ететін
қала әкімінің орынбасарына есеп береді;
2) барлық мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімді бiлдiредi;
3) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелерi оның құзыретiне жатқызылған бөлімнің қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының әзірленуін қамтамасыз етеді;
5) заңнамада белгiленген тәртiппен бөлімнің қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды, өзiнiң құзыретiне жатқызылған еңбек қатынастары мәселелерiн шешедi;
6) бұйрықтарға қол қояды;
7) бөлім атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
8) шарттар жасасады;
9) сенімхаттар береді;
10) өз қызметін ұйымдастыру және оның ішкі тәртібі мәселелері бойынша регламент қабылдайды;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапты болады;
12) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
13) қала әкімдігі мен әкімінің актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;
14) құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;
15) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
16) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;
17) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;
18) Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Ережемен және қала әкімдігі мен әкімінің және оның орынбасарларымен, қала әкімінің аппаратымен жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21.Бiрiншi басшы өз қызметкерлерінің өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
22. Бөлім аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
4. Мемлекеттiк органның мүлкi
23. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
Қалалық ішкі саясат бөлімі мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
24. Бөлім бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, қалалық ішкі саясат бөлімі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. Қалалық ішкі саясат бөлімі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Күнтізбе

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?