Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Қызылөзек: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы көрсету

Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет көрсетудің басты мақсаттарының бірі - халыққа сапалы қызмет көрсету. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады. «Қызылорда қаласының Қызылөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызмет көрсетудегі басты мақсаттарының бірі - Қызылөзек ауылдық округінің халқына, аз қамтылған отбасыларға, жұмыссыз азаматтарға, ардагерлерге, мүгедектерге және өзге де жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуді ұйымдастыру.
 
 Осы мақсатта «Қызылорда қаласының Қызылөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген тізілім негізінде 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату», «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сауда – саттықты (конкурстарды,аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру».


 Тұтынушыларға ақпараттық қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында стандарттарға сәйкес ақпараттық тақтайшалар орнатылған. Сондай-ақ Әкімшілік ғимаратта халықтың уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы» орналастырылған. Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы талапқа сай қажетті техникалық құралдарымен қамтамасыз етілген. (компьютер жабдығымен, принтер, камера, картридер, колонка). Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасын арттыру және атқарушылық тәртіптің деңгейін көтеру күнделікті бақылауда.


21 наурыз 2022 ж. 350 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?