Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ЖАСТАР АРАСЫНДА «QOSYL ДУМАН» ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР САЙЫСЫ ӨТТІ

Бүгін қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Ақжарма ауылдық округінде 22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай кент және ауылдық округ жастарының басын қосқан «Qosyl думан» мерекелік шарасы өтті.
Мерекелік шарада ауыл жастары арқан тартыс, аударыспақ, теңге ілу, асық,  гір көтеру сынды ұлттық спорттың түрлері бойынша сайысқа түсті.
Бұқаралық спортты дамыта отырып, жастардың ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл шарада командалық есеп бойынша І орынды – Қосшыңырау ауылдық округінің жастары жеңіп алса, ІІ орынды – Ақжарма, ІІІ орынды – Ақсуат ауылдық округінің жастары иемденді. Сайыс жеңімпаздарына алғыс хат, диплом және бағалы сыйлықтар табысталды.
Шара барысында қатысушылар мереке айшығының бірі болып саналатын ағаш отырғызу ісіне қатысып, ондаған түп көшет егілді. Көпшілікке Наурыз көже ұсынылып, бауырсақ таратылды.
18 наурыз 2022 ж. 521 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?