ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНЦЕРТІ ӨТТІ
Бүгін А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Наурыз шуағы» атты қайырымдылық концерті өтті.
Аталмыш концерт құдіретті өнер тілі арқылы адамдардың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыта отырып, мұқтаж жандарға бір реттік қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр.
“Адамдарға жүрек жылуын сыйлау үшін тек қана іс - әрекет емес, жылы сөз де керек” демекші, белгілі жырау Руслан Ахметов өз шәкірттері Б.Орынбасаров, Ә.Ерболқызымен бірге жырдан шашу шашып Сыр сүлейлерінің ізгілікке үндейтін терме-толғауларын орындаса, Ж.Оразғұлов, Ә.Бекарысұлы, Ә.Өмірбек, Е.Берстенбаев, Ә.Төлегенов, А.Шүкіров, А.Шынбергендер әуелетіп ән салып, «Арайлы» тобының бишілері мың бұралып би билеп, «Мереке-Думан» халықтық әзіл-сықақ отауының әртістері жиылған көпшілікті күлкіге қарық қылған кешті Жастар театрының әртісі М.Серіков жүргізді.