Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

САБАЛАҚТА НАУРЫЗ ТОЙЛАНДЫ


Бүгін, яғни 14 наурыз – «Көрісу күні» қарсаңында қала әкімдігінің қолдауымен Тасбөгет кенті әкімшілігі және С.Майқанова атындағы мәдениет Үйінің ұйымдастыруымен кентке қарасты Сабалақ өңірінде Наурыз мерекесі тойланып, халыққа арнап мерекелік концерт, салт-дәстүрлер бейнеленген көріністер, театрлық қойылымдар қойылды. Шараға қатысқан қадірлі қонақтар саяжай жұртшылығына ізгі лебіздерін білдіріп, бірнеше бүлдіршіннің салтанатты түрде тұсауын кесті. Ел ағаларынан бата сұратылып, молынан дастархан жайылды. Шара барысында, сондай-ақ, арқан тарту, гір көтеру және қол күресуден сайыстар өткізіліп, жүлдегерлері марапатталды. Мерекелік думанға саяжай тұрғындары белсене араласып, Шығыстың жаңа жылын жақсы көңіл-күйде қарсы алды.
Тасбөгет кенті әкімдігі атынанан аталған шараны ұйымдастыруға атсалысқан қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшылықтарына, С.Майқанова атындағы мәдениет Үйі мен «Бегімай» өнер орталығының өнерпаздар ұжымына, демеушілік көрсеткен жергілікті кәсіпкерлерге және сабалақтың белсенді тұрғындарына алғыс білдіреді.
14 наурыз 2022 ж. 515 0

Күнтізбе

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?