Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Сапалы мемлекеттік қызмет - халық алдындағы міндет!

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес, Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің аппараты тұрғындарға төменде көрсетілген мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

1.       Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

2. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін    мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу;

3.      Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;

4.      Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру; 

5.      Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу   арқылы  сату.

Жоғарыда аталған қызметтер, Қазақстан Республикасының  2020  жылғы 1 қазандағы № 301 Заңына сәйкес көрсетіледі.

Қазіргі таңда «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» және «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» қызметтерін алу үшін мемлекеттік мекемеге жүгінбей «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қызмет алуларыңызға болады.

Аталған қызметтер бойынша кеңес алу үшін Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппаратына келінуіңізге немесе сенім телефонына хабарласуыңызға болады. Мекен жайымыз: Қызылорда қаласы, Абай ауылы, Бейбітшілік көшесі 79.

Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің аппаратының сенім телефоны: 21-30-38.

09 наурыз 2022 ж. 429 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?