ЭЛЕКТРОНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ФУНКЦИЯСЫ РЕТІНДЕ
Мемлекеттік қызметтер көрсету теңдей қол жеткізу, төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу, есеп берушілік пен ашықтық, қолжетімділік, үнемділік және тиімділік қағидаттарына негізделген.
Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан мемлекеттік қызметтің 9 түрі көрсетіледі, оның ішінде 6 түрі толық электрондық түрге ауыстырылған.
Мемлекеттік қызметті электрондық түрде алу үшін көрсетілетін қызметті алушыға электрондық цифрлық қолтаңбаны алу, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталында (www.egov.kz) немесе электрондық лицензиялауда (www.elicense.kz) тіркелу қажет.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады.
Мемлекеттік қызмет алуға электронды түрде өтінім беру үшін ЭҮП бойынша сілтемеге өтіп, ЖСН арқылы пайдаланушының жеке кабинетіне кіру іске асырылады. Қызметтер бөлімін таңдау бөлігінде қажетті тармақ таңдалып, бұдан әрі барлық әрекеттер нұсқауға сәйкес рет-ретімен орындалады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
2021 жылы Бөлім тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша – 4658 өтініш тіркеліп, оның ішінде қызмет көрсетушінің кеңсесі (құжаттама бөлімі) арқылы 1290, «Электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы 3368 қызмет көрсетілді, яғни электрондық түрде көрсетілген қызмет үлесі 72,3 пайызды құрады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің халыққа қол жетімділігін арттыру мақсатында мекеме ғимаратында «Өзіне - өзі қызмет көрсету» бұрышы қарастырылған.
«Қызылорда қаласының жер
қатынастары бөлімі» КММ
бас маманы К. М. Будикова