Спорттық разрядтары мен санаттарын алу
«Қызылорда қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ-і(бұдан әрі – бөлім) "2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.
2022 жылдың қаңтар айынан бері бөлімге ХҚКО-нан 34 өтініш келіп түсті. Оның ішінде: 1-жасөспірімдік разряд – 18; 2-жасөспірімдік разряд – 15; біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы – 1;
Спорттық разрядтары мен санаттарын беру мемлекеттік қызмет түрін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде тегін негізде алуға болады.
Құжаттарды қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация), "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.