Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша әзірленген социологиялық зерттеулер туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша жүргізілген әлеуметтік зерттеуге сәйкес 2021 жылы Қазақстан Республикасындағы 14 облыс және 3 қала бойынша бойынша 10183 адам қатысса, оның ішінде Қызылорда облысынан 1043 азамат қатысты. Қызылорда облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы бойынша сауалнама қорытындысы төмендегідей болды.

- Қаржы қызметі саласы бойынша жиі кездесетін бұзушылықтар: 6,3% қызмет көрсету барысында негіссіз комиссия алу, 1,9% несиені алу барысында келісім шартты орындамау, 3,6% қаржылық аударымдарды дұрыс орындамау, 3,4% қосымша қысым жасайтын қаржылық қызметтерді ұсыну, 84,8% құқығымыз бұзылған жоқ, - деп жауап берген.

- Байланыс, интернет қызметі саласы бойынша жиі кездесетін бұзушылықтар: 5,0% ұялы байланыс операторларының негіссіз ақша шешуі, 10,8% байланыс қызметінің өте төмен болуы, 10,8% тарифтік жоспарлардың негіссіз өзгертілуі, 2,6% операторды таңдау мүміндігінің болмауы, 2,2% қосымша қызметтерді ұсыну арқылы қысым жасау, 1,4% келісім-шартты бұзбау мүмкіндігінің берілмеуі, 67,2% тұтынушының құқықтары бұзылған жоқ, - деп жауап берген.

- Электронды сауда саласы бойынша жиі кездесетін бұзушылықтар: 11,5% жарнамаланған тауар мен қолға тиген тауардың сәйкес келмеуі, 4,3% тауар алынбаған жағдайда қаржыны қайтарылмауы, 3,4% сапасыз тауарды айырбастап берілмеуі немесе қайтарылмауы, 1,9% қаржыны төленгеннен кейін қызметтін көрсетілмеуі, 2,9% белгіленген мерзімнен тапсырыстың кеш орындалуы, 76,0% тұтынушының құқықтары бұзылған жоқ, - деп жауап берген. 

- «Қазақстан Республикасындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытындағы ағымдағы жағдайды қалай бағалайсыз?» – деген сұраққа 40,8 пайызы негізінен жақсы, 45,1 пайызы негізінен қанағаттанамын, 4,6 пайызы қанағаттанбаймын, 9,5 пайызы жауап беруге қиналамын,- деп жауап берген;

- «Ағымдағы жылы тұтынушының құқығын қорғау саласында мемлекеттік реттеудегі өзгерісті бағалаңыз ?» – деген сұраққа 72,1 пайызы жақсарды, 4,8 пайызы төмендеді, 9,8 пайызы өзгеріссіз қалды, 13,3 пайызы жауап беруге қиналамын, - деген;

- ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңды білесіз бе? – деген сұраққа 61,8 пайызы ия білемін бірақ қолданған жоқпын, 20,9 пайызы ия білемін қолдандым, 17,3 пайызы жоқ білмеймін, - деген;

- «Сіздің тұтынушы ретінде құқығыңыз бұзылды, қай жерге жүгінесіз?»,- деген сұраққа 32,4 пайызы үәкілетті мемлекеттік органға, 8,3 пайызы қоғамдық ұйымға, 21,5 пайызы заңгерге, 18,1 пайызы өзім шешуге тырысамын, 2,6 пайызы медиация қызметіне жүгінемін, 4,6 пайызы сотқа жүгінемін, 12,5 пайызы ешқайда жүгінбеймін, - деп жауап берген.

- «Қоғамдық бірлестіктерге тұтынушының құқығын бұзылу фактісімен жүгінгенде мәселеңіз шешілді ме?» – деген сұраққа 25,4 пайызы ия, 15,5 пайызы бір бөлігі шешілді, 4 пайызы шешілмеді, 55,1 пайызы жүгінген жоқпын деп жауап берген;

- «Уәкілетті органға тұтынушының құқығын бұзылу фактісімен жүгінгенде мәселеңіз шешілді ме?» – деген сұраққа 21,9 пайызы ия, 14,7 пайызы бір бөлігі шешілді, 3,4 пайызы қанағаттанбадым, 60 пайызы жүгінген жоқпын,- деген;

- «Медиаторларға тұтынушының құқығын бұзылу фактісімен жүгінгенде мәселеңіз шешілді ме?» – деген сұраққа 18,9 пайызы ия, 15,7 пайызы бір бөлігі шешілді, 4 пайызы қанағаттанбадым, 61,4 пайызы жүгінген жоқпын,- деген;

- «Е-Тұтынушы» тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірінғай ақпараттық жүйесін білесіз бе?» – деген сұраққа 67,6 пайызы естімедім, 27,1 пайызы естідім бірақ қолданбадым, 5,3 пайызы қолдандым, деп жауап берген.

- «Тұтынушыларға Ұлттық тұтынушылар қауымдастығы керек пе?» – деген сұраққа 81,0 пайызы ия, 11,9 пайызы жоқ, 7,1 пайызы айтуға қиналамын, - деп жауап берген.

- Білім беру саласы бойынша жиі кездесетін бұзушылықтар: 8,2% мемлекеттік мекемелерде сапасыз білімнің көрсетілуі, 3,8% жеке мекемелерде сапасыз білімнің көрсетілуі, 4,8% мемлекеттік мекемелерде этика нормаларының бұзылуы, 2,4% жеке мекемелерде этика нормаларының бұзылуы, 2,4% мемлекеттік мекемелерде мұғалімдердің қабілетсіздігі, 1% жеке мекемелерде мұғалімдердің қабілетсіздігі, 4,1% құрал-жабдықтардың тозуы, 1,4% оқу орыны бөлмелерінде жөндеудің болмауы, 0,2% санитарлық нормалардың сақталмауы, - деп жауап берген.

- Қоғамдық тамақтану саласы бойынша жиі кездесетін бұзушылықтар: 5,8% санитарлық талаптарды сақтамау, 4,1% өнім туралы ақпараттың болмауы, 2,9% сақтау мерзімінің сақтамауы, 5,3% сапасыз қызмет көрсету, 4,1% тауарлы чектін берілмеуі, 77,8% тұтынушының құқықтары бұзылған жоқ, - деп жауап берген. 

- Бөлшек сауда саласы бойынша жиі кездесетін бұзушылықтар: 4,3% тауардың сапасына сай келмеуі, 3,4% тауардың бағасының сәйкес келмеуі, 4,1% тауарды ауыстырудан бас тарту, 4,1% тауар туралы ақпарат бермеу, 3,4% қосымша қызметтерді ұсыну, 3,1% дөрекі сөйлеу, 4,1% құжат бермеу, 1,2% санитарлық талаптарды сақтамау, 72,3% тұтынушы құқығы бұзылмады, - деп жауап берген. 

- Тұрмыстық қызмет көрсету саласы бойынша жиі кездесетін бұзушылықтар: 7,7% химиялық тазалауда, 21,5% жихаз жөндеуде, 12,0% автокөлік жөндеуде, 12,9% аяқкиім жөндеуде, 16,3% тұрмыстық техниканы жөндеуде, 23,9% шаштаразда, 5,7% бұзушылықтар болған жоқ, - деп жауап берген.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы негізінде жасалынған әлеуметтік зерттеу қорытындысымен арнайы іс - шаралар жоспары бекітіліп, тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында тиісті шаралар қабылданатын болады.


Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Қызылорда облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті



14 ақпан 2022 ж. 302 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?