ЖАЗАСЫН ӨТЕГЕНДЕР ҚОҒАМНАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ
«Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуде 01.11.2021 жылға 322 азаматқа (290-ы пробация қызметі есебінде тұрғандар, 31-і жазасын толық өтегендер) заңгерлік, психологиялық көмектермен қатар, 41 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек (АСП) алуына, 6 азаматқа жеке басын куәландыратын төл құжатын қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге, 1 азаматқа мүгедектікке шығуына байланысты құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетілді.
Ағымдағы жылдың 10 айында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметі есебінде тұрған 73 азамат (10-ы жазасын толық өтегендер, 63-сі пробация қызметі есебінде) тұрақты жұмыспен қамтылды (оның ішінде 42-сі квота бойынша).
Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша 2 азамат оқуға жолданып, оқу курстарын аяқтағаннан кейін «Альфа Құрылыс» ЖШС-гі тұрақты жұмыспен қамтылды.
«Бастау бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 15 адам жолданып, 11-і сертификат алды. Осы оқыған азаматтардың ішінен 11-і мемлекеттік грант алып, өз кәсібін ашып, жұмыс жасауда.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы 1 азамат 15,0 млн.теңге несие алып, өз кәсібін ашып жұмыс жасауда.
Орталық қызметкерлерімен жыл басынан 13 азамат (8-ы жазасын толық өтегендер, 5-і пробация қызметі есебінде) тұрғылықты мекен-жайының болмауына байланысты «Өмірлік қиын жағдайға қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталыққа» орналастырылды.
Түзеу мекемелерінде «Қақпа алдында кездесу» 10 рет (ЗК 169/4 түзеу мекемесінде-8, ЗК 169/5 түзеу мекемесінде-1, ЗК 169/1 түзеу мекемесінде-1), ЗК 169/5 түзеу мекемесінде «Оңалту түрмесі» іс шарасы 1 рет өткізілді.
Ағымдағы жыл ішінде тұрмысы төмен 10 отбасына азық-түліктей көмек көрсетілді, оның ішінде тұрмысы төмен 5 отбасыға «Мейірімді қала-Қызылорда» қайырымдылық акциясы аясында көмек көрсетілді.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шахмат пен дойбыдан 2 рет және волейболдан 2 рет, барлығы 4 рет спорттық шара ұйымдастырылып, жеңімпаз командалар марапатталды.