Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

«Талсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнықтырылды, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құықтары мен бостандықтары. Мемлекеттің басты байлығы адами капиталы.   Біздің басты міндет оның өмір сапасын арттыру. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету саласының сапасын арттыру - ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейінің көтерілуіне септігін тигізетіні анық. Қызылорда қаласының «Талсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 5 мемлекеттік қызмет түрін жүзеге асырады.

      1.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

      2.Сауда - саттықты(конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.

      3.Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.

      4.Елдімекен шегінде обьекті салу үшін жер учаскелерін беру

      5.Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не  бөліп төлеу арқылы сату.

       Осы көрсетілетін қызметтердің түрін алу үшін стандартқа сәйкес құжаттар қажет   етіледі. 

       Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында «Қызылорда қаласының Талсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттық стендттермен жабдықталған Керекті ақпараттың барлығы қызмет көрсету мерзімі қызметтің түрлері туралы мәліметтер стендтерде орналастырылған және «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» құрылған, ол «электрондық үкімет» веб-порталына, принтерге, сканерге, камера мен картриджге қолжетімділігі бар компьютермен қамтамасыз етілген.

 Мекемеде қызметтер көрсетуге жауапты маман бекітілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі біріңғай байланыс орталығы телефон нөмірі-«14-14».

       Жоғарыдағы аталған қызметтерді алуға Талсуат ауылдық округі әкімі аппаратына өтініш білдіруге болады. Мекен жайы Қызылорда қаласы, Талсуат ауылы, Абай Құнанбаев № 25. Сенім телефоны 21-71-07.

23 қараша 2021 ж. 533 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?