Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы
Қазақстан Республикасының 15.04.2013 жылғы № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, Қызылорда қаласының «Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Бұдан әрі – Әкім аппараты) тарапынан жеке және заңды тұлғаларға 5 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Атап айтсақ,
- жер учаскелерін нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
- сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін
мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
- бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату;
- жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
- елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру.
2021 жылдың 10 айында Әкім аппараты тарапынан барлығы 1 мемлекеттік қызмет түрі, атап айтқанда, - жер учаскесін нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру бойынша көрсетілді.
Аталған қызметті алу үшін өтініш беруші «Еgov.kz» порталы арқылы электронды нысанда өтініш береді. Осыдан кейін әкімдіктің жауапты қызметкері «Е лицензиялау» бағдарламасы арқылы өтінішті тиісті құжаттармен бірге қабылдап, әрі қарай жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне бір жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсат бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін жолдайды. Әрі қарай құжат барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметке келісуге бір мезгілде жіберіле отырып, тиісті қорытынды қабылданып, Қалалық жер комиссиясына қорытынды қабылдау үшін жолданады. Құжатқа оң қорытынды берілген жағдайда жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім қабылданады. Аталған шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тапсырылады.
Бұл көрсетілетін мемлекеттік қызмет: жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш келіп түскен кезінен бастап он үш жұмыс күніне дейінгі мерзімде қаралады.
Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында Әкім аппаратының ғимаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы ұйымдастырылып, қызмет алушыларға жоғарыда аталған қызметтерді «Еgov.kz» порталы арқылы алуға мүмкіндік қарастырылған.
Сондай-ақ, Әкім аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттық стендтер жабдықталып, қажетті ақпараттың барлығы: мемлекеттік қызмет көрсету түрі, мерзімі, қажетті құжаттар тізбесі, қызмет көрсетушінің аты-жөні, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінде ұсынылатын құжат және т.б. ақпараттар орналастырылған.
Сонымен қатар, бұл мәліметтер мекеменің интернет желісіндегі ресми парақшаларында үнемі жарияланып отырады.
«Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық
округі әкімінің аппараты» КММ