Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің аппараты көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы
Қосшыңырау ауылдық округ тұрғындары Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 Заңына сәйкес Қазіргі таңда Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік көрсетілетін қызмет бес түрлі бағытта беріледі.
1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру
2. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін
мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу
3. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою
4. Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру
5. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату
Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жыл басынан қазіргі таңға дейін 12 мемлекеттік қызмет көрсетілді оның ішінде: Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - 4, Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу -0, Жер учаскесін алу үшін кезекке қою - 8. Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру – 0, Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату - 0
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 01қазандағы № 301 Заңынасәйкес Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
Мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі болып табылады. Жоғарыдағы аталған қызметтерді алуға Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппаратына өтініш білдіруге болады. мекен жайы Қызылорда қаласы Абай ауылы Бейбітшілік көшесі 79
Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің аппараты сенім телефоны 21-30-38