Дәстүрлі XIV "Бал бала" байқауының жеңімпаздары анықталды
Қызылорда қаласының әкімдігі және облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының ақпараттық қолдауымен телевизияға түсіріліп, көрермендерді 14 жыл бойы қуанышқа бөлеп келе жатқан дәстүрлі «Бал бала» байқауы өз мәресіне жетті.
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі балалар байқауына қаламызға қарасты 15 балабақшадан өнерлі бүлдіршіндер қатысты. Байқауда балаларға сәттілік тілеген бөлім басшысы М.Ниязов балалардың талантын шыңдап, көкжиегін кеңейтетін осы тектес байқаулардың әлі де көптеп ұйымдастырылуы керек екенін айтып, балалар байқауын 14 жылдан бері ұйымдастырып келе жатқан ҚР Мәдениет саласының үздігі төсбелгісінің иегері Л.Нәсімхановаға алғыс білдірді.
Екі кезеңнен тұратын байқауда «Қалалық мәдениет үйлері, клубтар және халықтық ұжымдар» МКҚК директоры Э.Қанатбаева, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, білім саласының ардагері К.Ермағамбетова, белгілі хореграф А.Қойшығұлова, «Мереке» ВАА әншісі Ә.Төлегенов және мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Ұ. Бекұзақұлы қазылық жасап, бүлдіршіндердің өнерін сарапқа салды.
Нәтижесінде байқаудың Бас жүлдесін «Сыр бөбегі» балабақшасы жеңіп алса, «Сыр шуағы» және «Ер Тарғын» І орын, «Шаттық», «Ертөстік», «Алтын кілт», «Сыр еркесі» ІІ орын, «Заңғар», «Самал», «Қуаныш», «Қарлығаш» балабақшалары ІІІ орынды өзара бөлісті.