Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдіру пилоттық режимде электронды түрде жүзеге асырылуда

Бүгінгі күні мемлекет тарапынан балаларға және көп балалы отбасыларға көмектесу басты назарда екендігі мәлім. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап Республика бойынша кәмелет жасқа толмаған 4 және одан да көп баласы бар отбасылар үшін (4 баласы барларға – 46 760 тг., 5 баласы барларға – 58 457 тг., 6 баласы барларға – 70 154 тг., 7 және одан да көп баласы барларға – 81 852 тг. және т.с.с.) көрсетілетін жаңадан арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу жүзеге асырылуда. Жаңадан енгізілген жәрдемақының тұрғындар арасында тиімділігі жоғары екендігі байқалуда.

Сонымен қатар, 2018 жылғы 1 қаңтарынан бастап, табыстары облыстарда және республикалық маңызы бар қалаларда бекітілген кедейлік шегінен төмен отбасылар үшін жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленуде.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау барысында табысы төмен отбасылардың құрамындағы жұмысқа қабілетті мүшелерін міндетті түрде жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылатынына басты назар аударған дұрыс. Азаматтарды жұмысқа тарту барысында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының әлеуетін барынша қолданамыз. Жұмысқа қабілетті азаматтарға қала бойынша бос жұмыс орындарына, мемлекеттен субсидия берілетін жұмыс орындарына орналасу және өз кәсібін ашу үшін жеңілдетілген микрокредиттер мен қайтарымсыз гранттар алу ұсынылады. Ескере кететін тұс, отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыстардан бас тартқан жағдайда, сол мүшесіне ғана емес барлық отбасыға тағайындаудан бас тартылады. Осылайша, әлеуметтік көмекке мұқтаждық танытып отырған үміткер отбасылар үшін мемлекет тарапынан кешенді көмектер көрсетілуде.

Қазіргі таңда, Қызылорда қаласы бойынша 6 000-ға жуық отбасыдан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтінім қабылданып, заңнамамен бекітілген мерзімнің ішінде тиесілі қаражаттары төленуде.

Отбасының жан басына шаққандағы табысын және тағайындалатын атаулы әлеуметтік көмектің мөлшеріне алдын ала есептеу жүргізу үшін немесе өтініш білдіріп құжаттар пакетін өткізу үшін жұмыспен қамту орталығына немесе ауылдық округ әкімдіктеріне жүгінуге болады.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдіру үрдісін жеңілдету мақсатында 2021 жылдың 1 наурызынан бастап пилоттық режимде egov.kz «Электрондық үкімет порталында» мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш қабылдау қызметі іске қосылды. Ол үшін 4 қадамнан тұратын сұраныс парағын толтыру арқылы өтініш білдіреді.

Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру жұмыстарының аясында, 2021 жылғы қыркүйек айынан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау қызметі «egov mobile» платформасында да іске қосылды. Нәтижесінде ұялы телефондағы «Электрондық үкімет порталының» қосымшасы арқылы да өтініш білдіру мүмкіндігі жүзеге асырылды. Осылайша, мұқтаж отбасылар үшін әлеуметтік көмек түрлеріне қолжетімділікті оңтайландыру жұмыстары жүйелі жолға қойылып, мемлекеттік органдардың тарапынан бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай да өз жалғасын табатын болады.
27 қазан 2021 ж. 378 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?