Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

«Қызылорда менің көзіммен » атты қалалық жас суретшілер байқауы өтті

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, қала күні мерекесіне орай балалар арасында «Қызылорда менің көзіммен» атты қалалық жас суретшілер байқауы өтті.
Байқауды ұйымдастырудағы басты мақсат – патриоттық тәрбие беру, балалардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамытумен қатар, туған қаламыздың сұлулығын, көшелердің көркемдігін көрсете білу және саябақтар мен ескерткіштерімізді дәріптеу болып табылады.                                                                                      
Балалар арасында ұйымдастырылған бұл байқауға 60-қа жуық талапкер белсене қатысып, жас ерекшелігіне байланысты екі топқа бөлінді.( 6-9 және 10-15 жас аралығы )                                                                   
Байқауда «Қосымша білім беру орталығының» маманы Дархан Ерленұлы, суретші, сазгер Жарылқасын Оразғұлов және кәсіпорынның көркемдік жетекшісі, ақын Ұлықбек Бекұзақұлы қазылық етті. 

Нәтижесінде, кіші топ (6 – 9 жас) санаты бойынша жүлделі 3 орынды Ануарбек Айғаным, 2 орынды Еркебұланқызы Жансая иеленсе, Мейіржанқызы Әмина 1 орын алып, үздік боп танылды. 
Ал, үлкен топ санаты ( 10-15 жас ) бойынша Сартаева Айым, Ибрагимова Зере, Құдайбергенова Адия 3 орын иегерлері атанды. Айдарбек Анель және Уразова Еңлік 2 орын алса, асқан шеберлік танытқан Жармахан Махаббат 1 орынды еншіледі. 
Сондай-ақ, ерекше шығармасы үшін, «Ғажайып палитра» номинациясымен Қуаныш Ақжанат және «Сиқырлы қалам» номинациясымен Әмірбеков Рысдәулет марапатталды. Байқауға қатысқан барлық балаларға арнайы алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
15 қазан 2021 ж. 1 037 0

Күнтізбе

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?