ЖЫЛУ ҚҰБЫРЛАРЫНДАҒЫ 🌡️ ҚЫСЫМ АЙНАЛЫМЫ ҮШІН ҚҰБЫРЛАРДАН АУА ШЫҒАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУІ ҚАЖЕТ

Шаһардағы барлық көпқабатты орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 743 тұрғын үй толығымен жылуға қосылды. Оның ішінде Сол жағалаудағы 16 үйге жылу берілді.
Сондай-ақ, тұрғындар 5 қабаттан қысым айналымы үшін құбырлардан ауа шығару жұмыстарын жүргізуі қажет.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №211 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану» Қағидасының 62 тармағына сәйкес үйішілік және пәтерішілік жылу желілеріне техникалық қызмет көрсетуді (5 қабаттан қысым айналымы үшін құбырлардан ауа шығару, ақауды қалпына келтіру, ысырмаларды ашу, ) сол үйдің пәтерлер иелері кооперативі (ПИК) немесе кондоминиум объектісін басқару органымен бірлесіп атқару қажет.

Сонымен қатар, Үйішілік немесе пәтерішілік жылу құбырларында ақау орын алған жағдайда «109» кезекшілік байланысқа;
Магистралдық және кварталаралық жылу құбырларында ақау орын алған жағдайда 25-00-45, 8-776-869-20-53 тәуліктік кезекшілік байланысқа хабарлау қажеттілігін назарға саламыз.