Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

«Қызылорда қаласның тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ-і арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

Тұрғын үй инспекциясы бөлімі қазіргі таңда мемлекеттік көрсетілетін үш қызмет түрімен айналысып келеді:

-«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың   тұрғын үй беру туралы шешім қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет;

- «Тұрғын үй сертификаттарын беру»  мемлекеттік көрсетілген қызмет;

-«Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді
 жекешелендiру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет.

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 13 тамыздағы № 441 бұйрығымен бекітілген.

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаға (көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы  өтінішті және  Қағидаларда  көрсетілген құжаттардың тізбесін жолдайды.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе некені бұзу туралы, қайтыс болу туралы, балалардың тууы туралы куәліктерінің мәліметтерін, меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің (Қазақстан Республикасы бойынша) бар-жоғы, отбасының барлық мүшелерінің мекенжайы туралы мәліметтерді, басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін, Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың мәліметтерді отбасының барлық мүшелеріне көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.


Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін электрондық құжат нысанындағы (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуы) электрондық цифрлық қолтаңбамен  куәландырылған өтінішті қалыптастырады.

Жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеріп,  қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Бөлімнің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға оларды сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарлама жібереді.

Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі хабарлама алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

Егер хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оны нормаларына сәйкес келтірмеген жағдайда, уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жолдайды.

Құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті алушы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге есепке қою туралы анықтаманы берудің жалпы мерзімі өтініш берілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кеш емес.

Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қараудың қорытындысы бойынша мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:

      1) кезектің реттік нөмірін көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама және ұялы телефонға sms-хабарлама түрінде шешім;

      2) не бас тарту туралы дәлелді жауап, ол көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды және мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.

2021 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша   барлығы -2376 азаматқа мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның   «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік Корпорациясы КЕАҚ арқылы -1334, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы -1042 қызмет көрсетіліп, кезекке тіркелген.

Жалпы,  Қызылорда қаласы бойынша    ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес,  Қызылорда қаласы бойынша тұрғын үйге мұқтаж адамдардың 5 дара  тізімдері бойынша 25163 отбасы кезекте тұр. Оның ішінде:

 1)  ҰОС ардагерлері - 0;

 2) Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар -1328.

 3)  халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары - 9677;

4) көпбалалы отбасылар-3272; 

5) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерi - 10622;

6) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар - 264.

«Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы  2 шілдедегі №673 қаулысымен бекітілген қағидаларының 2 тармағында  мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру тәртібі айқындалған.

Қызылорда қаласының тұрғындары  мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұратын тұрғын үйiне жекешелендiру тәртiбiмен меншiк құқығын ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының   13 бабының 8 тармағына сәйкес тегін    жекешелендіреді. 

Қазіргі таңда  Gosreestr.kz мемлекеттік меншік тізілімінің веб-порталында (бұдан әрі - Мемлекеттік тіркеу порталы) Қазақстанның Ұлттық куәландырушы орталығы шығарған электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, жекешелендіру үшін www.gosreestr.kz сайтына тіркеліп, жекешелендіру процесі толықтай автоматтандырылды.

Көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт элеқтрондық   нұсқада  жасалады.

Қазіргі таңда 2020-2021 жж аралығында  бері Gosreestr.kz мемлекеттік меншік тізілімінің веб-порталында (бұдан әрі - Мемлекеттік тіркеу порталы) Қазақстанның Ұлттық куәландырушы орталығы шығарған электрондық цифрлық  қолтаңбасы арқылы    395   азамат   құжат  тапсырған. 

Осы бағыттағы іс-шараларды іске асыру мақсатында мекеме ғимаратында «Өзіне өзі қызмет көрсету» бұрыштары ашылып, тұрғындарға электронды қызмет алу мүмкіндіктері қарастырылған. 

Мемлекеттік қызметті электрондық түрде алудың тиімділігі-  ол ақпаратты алудың қолжетімділігі,  өтінішті өзіне қолайлы  жерден (компьютері бар кез келген орындардан) беру мүмкіндігі,   артық құжаттар талап етілмеуі, бюрократтық сымдарды жою, қызмет беруші мен  қызмет алушы арасында жемқорлық тәуекелдерін азайту.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе,  мемлекеттік   қызмет көрсету сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында азаматтық белсенділікті танытып,  тұрғын үй саласында мүмкін болатын мемлекеттік қызметтерді  www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электронды түрде алуға шақырамыз.

27 қыркүйек 2021 ж. 613 0

Күнтізбе

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?