Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Сәулет және қала құрылысы саласы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету бағытында атқарылған жұмыстар

Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімімен 2021 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша атқарылған жұмыстар бойынша қысқаша баяндайды.


  Жалпы, сәулет және қала құрылысы саласы бойынша   мемлекеттік қызметтерді көрсету бағытында бірқатар пәрменді шаралар атқарылып келеді.  

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметті алушыларға сапалы қызмет көрсету мақсатында Қызылорда қаласының әкімдігіне қарасты, салалық төрт бөлім орналасқан ғимаратта «Бір терезе» қағидаты бойынша халыққа жүйелі түрде қызмет көрсетіліп келеді. Онда күту залы мен электрондық кезек күту терминалы тұрақты түрде жұмыс жасауда. 

Бір терезе қағидаты бойынша қалалық сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, құрылыс және тұрғын үй бөлімдері күту залында белгіленген орындар бойынша халыққа тиісті қызметтерді көрсетуде.

Бұдан басқа, күту залында орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы да жүйелі жұмыс жасап, жеке және заңды тұлғалар арнайы қойылған  компьютерлерді қолдануда

Жалпы, бүгінгі таңда сәулет және қала құрылысы бөліммен жеке және заңды тұлғаларға 7 (жеті) мемлекеттік қызмет түрі көрсетіліп келеді, олар:

1) Эскизді (эскиздік жобаны) келісу;

2) «Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну»; 

3) «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру»;

4) «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;

5) «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру»;

6) «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру»;

7) «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру»  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер. 

Соңғы екі мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша стандарт қабылданғаннан бастап осы кезге дейін бөлімге бірде-бір өтініш түспеді. 

Қалған қызмет түрлері «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылуда. 

2021 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жеке және заңды тұлғалардың – 3 890 өтініші қаралып, олар бойынша нақты жауаптар берілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған арнайы оқулар бөлімде ұйымдастырылып, қызметтері сапалы әрі мерзімінде орындалуда.

Алдағы уақытта, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру сапасы мен қолжетімділігіне мән беру, үнемділік пен тиімділік қағидаттары басты назарда болады.

29 маусым 2021 ж. 579 0

Күнтізбе

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?