Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

КӨШЕГЕ ҚАЛАМГЕР ЕСІМІ БЕРІЛДІ

КӨШЕГЕ ҚАЛАМГЕР ЕСІМІ БЕРІЛДІ 
Қызылорда қаласының төріндегі көшелердің біріне мезгілсіз қаза тапқан қаламгер Сахитжан Бермағанбетовтің есімі берілді. 
Сахитжан Бермағанбетов 1982 жылы Арал ауданы, Қарақұм ауылында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінен журналист мамандығын алып, телеарна майталманына айналды. Ол «Қоғам ТВ» телеарнасында редактор болып, азулы телебағдарлама «Аптаның алты ауызын» тізгіндеді. Тілшілік қызметпен  «Қазақстан Қызылорда» телеарнасында да еңбек етті. Аптаны қорытындылар  «Түйін» ақпараттық- сараптамалық бағдарламасының авторы болды.
2007 жылы облыс әкімінің баспасөз хатшылығымен қатар, баспасөз орталығына жетекшілік жасады. Өткір тілді, озық ойлы, батыл бастамаларымен дараланған журналист халықтың ерекше ықыласына бөленді.
25 маусым 2021 ж. 544 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?