"ЖОМАРТ ЖҮРЕК" ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ СЫЙЛЫҒЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Қызылорда қаласы бойынша "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында туған жерінің дамуына, өркендеуіне үлес қосып жүрген жомарт жүректі азаматтарды, ұйымдарды, кәсіпкерлерді, еріктілерді, сондай-ақ, білім, ғылым, мәдениет, қоғам, медицина, спорт саласына қолдау көрсеткен жандарды құрметтеу, насихаттау мақсатында қалалық деңгейде "Жомарт жүрек" қайырымдылық сыйлығына құжат қабылдау басталғандығын хабарлаймыз.
Қызылорда қаласының әкімдігі төмендегі номинациялар бойынша ұсынымдар қабылдайды.
1) "Жыл тұлғасы" - белсенді филантропиялық қызметі үшін. Лауреаттар тек жеке тұлғалар бола алады;
2) «Жыл меценаты» – белсенді меценаттық қызметі үшін. Сыйлық лауреаттары жеке тұлғалар ғана бола алады;
3) «Туған өлке» – кіші отанды қолдау бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырғаны үшін. Лауреаттар жеке және заңды тұлғалар бола алады;
4) «Жылдың үздік ұйымы» – қайырымдылық бағдарламасын тиімді іске асыру үшін.
Тек заңды тұлғалар лауреаттар бола алады - жеке мекеменің, қоғамдық бірлестіктің, акционерлік қоғамның, қордың, ұйымдардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар, қауымдастық (одақ) заңды тұлғалар бірлестігі;
5) «Жылдың үздік қамқоршысы» – кешенді қайырымдылық қызметі үшін, елеулі әлеуметтік маңызы бар өзгерістер мен қайта құруларға алып келген қайырымдылық көмек үшін.
Тек кәсіпкерлік субъектілері ғана лауреат бола алады.
Байқауға қатысуға арналған құжаттар топтамасы
Жеке тұлға үшін:
1) Байқауға қатысуға өтінім;
2) Үміткердің фотосуреті (пішімі: 3х4, JPEG);
3) Өмірбаяны;
4) Жеке куәліктің көшірмесі;
5) Жоба, қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызметі туралы еркін нысандағы ақпараттық хабарлама;
6) Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызметті растайтын құжаттардың көшірмесі (алғыс хат, БАҚ-та шыққан материалдар, объектілер, іс-шаралар және т.б. фотосуреттері);
7) Байланыс нөмірі.
Заңды тұлға үшін:
1) Байқауға қатысуға өтінім;
2) Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (көшірмесі);
3) Үміткердің фотосуреті (пішімі: 3х4, JPEG) және өмірбаяны;
4) Жеке куәліктің көшірмесі;
5) Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызмет туралы еркін нысандағы ақпараттық хабарлама;
6) Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызметті растайтын құжаттардың көшірмесі (алғыс хат, БАҚ-та шыққан материалдар, объектілер, іс-шаралар және т.б. фотосуреттері);
7) Байланыс нөмірі.
Байқауға қатысушылар құжаттары 2021 жылғы 21 маусымға дейін Қызылорда қаласы әкімдігінің ғимараты 3 қабат, 308 кабинет қалалық ішкі саясат бөлімінде қабылданады. Байланыс телефоны: 26-39-54.
«Жомарт жүрек» қайырымдылық саласындағы Ережесіне № 1 қосымша |
«Жомарт жүрек» сыйлығына өтінім
1. Толық атауы (заңды тұлғалар үшін)/ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) жеке тұлғалар үшін: _____________________________________________________________________
2. Номинанттың байланыс деректері: ________________________________
3. Номинация: ____________________________________________________
4. Номинанттың соңғы 12 айдағы қайырымдылық қызметінің сипаттамасы: ______________________________________________________________________
5. Өтінім берушінің толық атауы (заңды тұлғалар үшін)/ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) жеке тұлғалар үшін:
______________________________________________________________________