ХАЛЫҚ САНАҒЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
1-30 маусым аралығында интервьюерлер (тіркеушілер) әрбір елді мекен бойынша тұрғын жайлар, тұрғын үйлер (тұрғын жай ғимараттары) және тұрғын үй ретінде пайдаланылатын тұрғын емес орындардың барлығын аралап, олардың тізімін және тұрақты тұратын тұрғындардың санын нақтылайтын болады.
Бұл жұмыстар үшін барлығы 42 нұсқаушы, 24 нұсқаушы- бақылаушы және 166 интервьюер алынып, оқытылды.
Нысандарды аралау кезінде интервьюерлер өздерін таныстырып, тегін айтулары және санақ интервьюерінің куәлігін көрсетуі керек; өзінің келуінің мақсатын нақты және қысқаша түсіндіріп, сол үй-жайда тұрақты (әдетте) тұратындардың мекен-жайларын және санын сұрауы қажет.
Санақ объектілері туралы мәліметтерді планшет құрылғысын пайдалана отырып электронды базаға енгізеді.
Интервьюерлер мына атрибуттармен қамтылған: интервьюердің суреті, сонымен қатар мынадай деректемелер: тегі, аты, әкесінің аты, берілген күні және оның жарамдылық мерзімі, аумақтық статистика органының қолы мен мөрі көрсетілген куәлік. Халық санағының символикасы бар көк түсті мойынорағыш және Халық санағының символикасы бар көк түсті портфель.
2021 жылдың Ұлттық санағы кезінде «1446» бірыңғай call-орталығы жұмыс жасайды. «1446» - елдің барлық аумағындағы мобильді және стационар телефондар үшін бірыңғай нөмір болады. Сондай-ақ, 8 8000 800 878 нөмірі жұмыс жасайды. Сall-орталыққа қоңырау шалу тегін.
Респондент call-орталыққа 1446 нөмірі бойынша қоңырау шалған кезде кейбір айқын сұрақтар бойынша Бюроның аймақтардағы және Орталық аппараттағы сәйкесті телефон нөмірлеріне автоматты түрде қосулар жүргізіледі.
Құрметті Қызылорда қаласының тұрғындары! Халық санағының І кезеңіне белсенді қатысыңыздар. Халық санағының барысында алынған ақпараттардың сапасы сіздердің дұрыс және толықтай жауап бергеніңізге байланысты. Қазақстанда әркім маңызды.