"Білгенге - маржан" ДЕБАТТЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ
8 маусым күні Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің "Қызылорда қаласындағы медиация қызметін дамыту" әлеуметтік тапсырысы аясында мектепаралық "Білгенге - маржан" дебаттық турнирінің финалдық ойыны өтті.
Турнирге қатысқан барлық оқушылар мен жетекшілер арнайы алғыс хаттармен марапатталса, жүлделі орынды иеленген оқушыларға «Спортмастер» дүкенінің 120 мың, 100 мың, 80 мың және 50 мың теңге (екі оқушыға) көлеміндегі арнайы сертификаттары табысталды.
Турнир қорытындысы бойынша №7 мектеп-лицейінің оқушыларынан құралған «Ы.Алтынсарин» фракциясы бас жүлде, №15 М.Дүйсенов атындағы мектеп-лицейінен «М.Шаханов» фракциясы І орын, Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептен «Х.Оспанова» фракциясы ІІ орын, №222 Т.Рысқұлов атындағы орта мектептен «Т.Рысқұлов» фракциясы ІІІ орынды иеленді.
Сонымен қатар, дебатқа қатысушы оқушылардың дайындығын қамтамасыз еткен жастарға «Абзал и К» толық серіктестігінің демеушілігімен қаржылай сыйлық табысталды.