Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ӨЗІН-ӨЗІ ОҚШАУЛАУ РЕЖИМІН БҰЗҒАН АЗАМАТТАРҒА 87 510 ТЕҢГЕ МӨЛШЕРІНДЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

Бүгін Қызылорда қалалық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ұзақбаев Ерлан Амантайұлының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Конференция барысында БАҚ өкілдеріне Қызылорда қаласы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық ахуал турасында ақпарат берілді.
COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырғандар санына (5 айда қала бойынша 1838 жағдайы тіркелген) тоқталып  өткен басқарма басшысы COVID-19  инфекциясына қарсы күресте тиімді шара - вакцинация болып табылатындығын баса айтты.
— СОVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін еліміздің ересек адамдардың 60 %-ын вакцинациямен қамту қажет. Вакцинациялау  қалалық емханаларда арнайы екпе бөлмелерінде, көшпелі егу  жұмыстары «Арай Сити молл», «Жібек жолы» және «Қорқыт» сауда орталықтарында жүргізілуде.  Ресей Федерациясының «Спутник V» немесе «ГамКовидВак» вакцинасы, отандық «QazVak» вакцинасы  және Араб елінің  Қытай технологиясы бойынша өндірілген вакцинасы «Sinofarm-HayatVax» вакцинасы қолданыста,- деді Ерлан Амантайұлы.

Сонымен қатар,  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі СОVID-19-ға шалдыққан науқастар мен олармен байланыста болған адамдар үшін оқшаулаудың міндетті режимін көздейтін санитарлық ережелерді бекітті. Осы талаптарды орындамағаны үшін азаматтарға әкімшілік жаза қолданылатын болады. Ережелер 2021 жылғы 10 маусымда күшіне енеді. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, өзін - өзі оқшаулау режимін бұзушылар «Ashyq» ақпараттық платформасы арқылы анықталмақ. Жүйе мәліметтері «Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық нысандарға кіру кезінде анықталған «қызыл» мәртебесі бар адамдарды тіркеу фактісін растау болып саналады. Карантиндегі науқас адамның санитариялық - эпидемиологиялық талаптарды сақтамауы ӘҚБтК-нің 802-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға және оған әкімшілік жазаны қолдануға себеп болады. Егер азамат өзінің СОVID-19-ға шалдыққанын біле тұра, оқшаулану режимін бұзып, айналасындағы адамдарға қасақана қауіп төндірсе, оған 30 АЕК немесе 87 510 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады.

Бұған дейін, басқармаға «Ashyq» жобасымен жұмыс істеп отырған объектілерден 25 хабарламалар түскен. Оның 18-і сары түсті, яғни COVID-19 инфекциясына шалдыққан науқаспен тығыз қарым-қатынаста болған және 7-еуі қызыл түсті, яғни COVID-19  инфекциясына шалдыққан науқастар, белгіленген мерзім аралығында үй жағдайында оқшаулану, карантиндік шараларды сақтамай, халықтың денсаулығына қауіп төнгізген.

Бұдан бөлек, бүгінде қалаға қарасты 10 елді мекендер мен аумақтар биыл қолайсыз аймақтар тізіміне енгізіліп, кенелерге қарсы дезинсекция жұмыстары жүргізілген. Өткен жылдың 5 айында КҚГҚ-ның бірде-бір дерегі тіркелмеген болса, биылғы жылдың салыстырмалы эпидмаусымында бір жағдай тіркелді. Ауру ошағында кешенді эпидемиялық – эпизоотиялық, дезинсекциялық іс-шаралар толық атқарылды. Егер кене шағу, ит, мысық т.б. жануарлармен тістеу, тырнау, сілекейлеу жағдайлары орын алғанда міндетті түрде медицина қызметіне жүгіну қажет.
Ағымды жылдың 5 ай қорытындысымен қалада жіті ішек инфекциясының 207 оқиғасы тіркелсе, туберкулезбен 80 науқас жаңадан анықталды. Жедел ішек ауруларының алдын алу мақсатында аурулардың басты таралу себептерін: үй жағдайында дайындау технологиясы бұзылған немесе дұрыс сақталмаған тағамдар, сүт өнімдері, сусындар, дұрыс жуылмаған, тазартылмаған жеміс-жидектер, қайнамаған су және бала күтімінің нашарлығы т.б. болдырмау қажет.
09 маусым 2021 ж. 652 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?