Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Ғ.ҚАЗАНТАЕВ: АДАМ ӨМІРІ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ БІРІНШІ ОРЫНДА БОЛУ КЕРЕК

Бүгін қала әкімі Ғанибек Қазантаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия отырысында екі мәселе қаралды. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түйменов алдымен өрттің қауіпті кезеңіне дайындық шараларын баяндап, екінші кезекте жаз мезгілінде су айдындарындағы қауіпсіздік шараларының сақталуын сөз етті.

Баяндауынша жыл басынан бері Қызылорда қаласы бойынша 70 өрт оқиғасы орын алып, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 7,1 пайызға төмендеген. Орын алған өрт және өртке жатпайтын жану оқиғалары бойынша 67 кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Бұл мәселеде қала әкімі көрсеткіш төмен болғанымен, өрттен қаза болғандар мен жарақат алғандардың саны артқандығын атап өтіп, оқыс оқиғаның алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, бақылауға алуды тапсырды.
Комиссия отырысында су айдындарындағы қауіпсіздік мәселесі кеңінен талқыланды. «Бұл күн тәртібіне іліккен өзекті мәселе екені белгілі. Кеше болған қайғылы жағдайлар қауіпсіздік шараларын ширата түсу қажет екендігін көрсетіп отыр», - деген қала әкімі жауаптыларға суға шомылу маусымы аяқталғанға дейін полиция басқармасымен бірлесе отырып, тыйым салынған су айдындарына рейдтік және патрульдік іс-шараларын тұрақты жүргізуді жүктеді.

Сонымен қатар қала әкімі күні кеше ғана Қарауылтөбе ауылдық округіндегі «Қазсушар» РМК филиалына  қарасты «Байқадам» су торабында орын алған қайғылы жағдайға да тоқталды. Бұл жағдай жанымызға қатты батты деген Ғанибек Қонысбекұлы алдағы уақытта су торабының аумағында қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін айтты.

Өз кезегінде Жорабек Ибрагимұлы су арнасының бойында орналасқан көпір тұрғындардың пайдалануына бейімделмегендігін, су шаруашылығының өлшеуіш құралдарына арналған өткел екендігін айтып, қауіпсіздікті күшейту мақсатында тиісті шаралардың атқарылатындығын жеткізді. 

Отырыста бұл тақырыпқа байланысты қалалық білім бөлімінің басшысы Динара Баймұрзаева қосымша баяндама жасап, балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы кезіндегі су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бөлім тарапынан атқарылып жатқан шараларды тарқатты.
Бұл ретте суға кету жағдайының басым көпшілігі мектеп жасындағы балалар арасында орын алып жатқандығын айтқан қала әкімі бөлім басшысына оқушылар мен ата-аналар арасында судағы қауіпсіздік, суға түсуге арналмаған жерлерде суға шомылудың қауіпті екендігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын  жүргізуді нықтап тапсырды.
Комиссия отырысын қорытындылаған қала әкімі жауаптыларға суға шомылу маусымында көпшілік демалатын орындарда қоғамдық қауіпсіздікті сақтау шараларын күшейтуді, шомылуға тыйым салынғандығы жөніндегі ескерту тақтайшаларын қайта жаңартуды, қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында каналдар мен көлдерге күнделікті аралау жұмыстарын ұйымдастыруды жүктеді.
27 мамыр 2021 ж. 787 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?