ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ ТАҚЫРЫПТАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
Бүгін қала әкімінің орынбасары Есжанов Асқарбек Темірбекұлының төрағалығымен дін саласындағы қалалық ақпараттық-түсіндірмелік топ мүшелеріне арналған семинар өтті.
Конференцияға Астана қаласынан арнайы шақыртумен Дін саласындағы Республикалық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшесі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Дінтану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Кеңшілік Тышқан қатысып, «Ұлттық – рухани құндылықтар: дәстүр мен дін сабақтастығы» аясында өзекті ойларымен бөлісті.
Жиын барысында қала әкімінің орынбасары семинардың мән – маңызын айта келе, қалада атқарылып жатқан жұмыстар туралы тоқталып өтті.
Сондай-ақ, дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану жолдары, діни экстремизмнен келетін қауіптің алдын-алу мәселелері мен оларды шешу жолдары қарастырылып, ұсыныстар жасалды.
Айта кету керек, қала әкімдігі тарапынан дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, тұрақтылықты нығайту және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында тұрғындар арасында тұрақты түрде жұмыстарды үйлестіріп келеді.
2014 жылдан бастап әр жыл сайын «Қала көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда.
Биыл жоба аясында «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорымен Қызылорда қаласына қарасты кент, ауылдық округтерде қалалық ақпараттық-түсіндірме топ мүшелерімен тұрғындар арасында кездесулер өтіп, жалпы білім беретін 54 мектеп пен жоғары және орта арнаулы оқу орындарымен онлайн форматта өз жалғасын тапты.
Бұл бағыттағы жұмыстар жыл көлемінде жүргізіледі.