Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУДІ ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗУ

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар электронды түрде АХАЖ  АЖ (ақпараттық жүйесі) арқылы жүргізеді. АХАЖ тіркеу пункті ақпараттық жүйесі азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге, сондай-ақ жеке тұлғалардың жеке деректерін құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық нысанда өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, күшін жою және қалпына келтіруге арналған  ақпараттық жүйе.

«Электронды үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz – номативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.

Электронды ақпараттық қорларды және ақпараттық жүйелерді қорғау және құпиялылықты сақтау мақсатында тіркеуші органдарға  АХАЖ  АЖ-не қол жеткізуін ақпараттық жүйелердің меншіктенушілері және иелері қолдану құқығын беру туралы тиісті өтінімдерді келісуі арқылы ұсынады. 

Жеке басты куәландыратын құжаттар, туу немесе қайтыс болу туралы медициналық куәліктер, ҚР сотының шешімдері, үкімдерімен қаулылары, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар, ҚР-да тіркелген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері және тіркеуші органдардың қызметкерлері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады. 


Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, 

әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық 

хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы                                    Б.Серікбаева


04 мамыр 2021 ж. 889 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?