Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАНЫ ҚҰРЫП, ОҒАН БАСШЫЛЫҚ ЕТКЕН ТҰЛҒА 5 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

Қызылорда қаласында қаржылық пирамиданы құрып, оған басшылық еткен тұлға Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігінің 2)-тармақшасымен сотталды.

19 тамыз 2019 жылы «А» есімді азаматша «Whats App» әлеуметтік желісінен «Ай-Шуақ» атты жоба тобын құрып, топтың құрамында болған мүшелері салған ақшадан 1-этап бойынша 7 күндік салым бойынша қатысушылардан 10 000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін қабылдап, 7 күнде салымшылар өз салымдарының үстінен 40% үстеме ақысымен қайтарып алатындарын, 2-этап бойынша 1 айлық салым бойынша қатысушылардан 300 000 теңгеден жоғары қаражаттарын қабылдап, 1 айда салымшылар өз салымдарының үстінен 70% үстеме ақысымен қайтарып алатындарын айтыпжарнамалап хабарламаларды таратқан.

Аталған жоба тобына Қазақстан Республикасының аумағынан барлығы 1500 салымшы тіркеліп, 2019 жылдың тамызы мен қазан айлары аралығында 1 млрд 556 млн теңге қаражат кірістеліп, 1 млрд 223 млн теңгесі кері шығысталып, айырмасы 332 млн теңге құралып, 158 азамат салған қаражаттарын қайтарып ала-алмаған.

«А» есімді азаматшаның іс әрекетінде қылмыстың сипаты болуына байланысты, тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, полиция органымен iстi дұрыс шешуге қажеттi және жеткiлiктi мән-жайларды жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшiн заңда көзделген барлық шаралар қолданылып, күдіктінің әрекеті жинақталған айғақтармен өз дәлелін тапты.

Нәтижесімен  қала прокуратурасы істі мәні бойынша қарап, сотқа жолдау туралы процестік шешім қабылдады.

Басты сот талқылауында мемлекеттік айыптаушымен соттан қылмыстың сипаты, оның қоғамға қауіптілік дәрежесі ескеріліп, сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау сұралды.

Қызылорда қаласы №2 сотының 11 қаңтар 2021 жылғы үкімімен қылмыскерге 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өткен жылмен салыстырғанда 2021 жылы қала аумағында қаржылық пирамиданы құрып оған басшылық етуге байланысты анықталған қылмыстық істердің 5-тен 3-ке дейін төмендегені байқалады.

Аталған санаттағы қылмыстардың әлі күнге дейін азаймағандығы ескеріліп, прокуратура органдары құқық қорғау органдарының ұйытқысы ретінде қаржылық пирамида қылмыстарымен күресті үйлестіруді және осы саладағы заңдылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге асыруда.


Мемлекеттік айыптаушы 

Динара Баянбай

Қызылорда қаласы прокуратурасының

бөлім прокуроры

23 сәуір 2021 ж. 757 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?