200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМДЫ ЖИНАП, КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН ӨРЕСКЕЛ БҰЗҒАН ІС-ШАРА ТОҚТАТЫЛДЫ
Қала әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында күнделікті іс-шаралар жүргізуде. Нәтижесінде, 17-18 сәуір күндері мониторингтік топпен 7 анықтама толтырылып, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.
18 сәуір күні қала әкімінің орынбасары Нуридинов Бектас Балғабайұлының жетекшілігімен мониторинг топ карантин режимін өрескел бұзып, 200-ге жуық адамды жинап жиын өткізген желілік маркетингтің іс-шарасын тоқтатты. Заңды шешім қабылдау мақсатында толтырылған анықтама тиісті орынға (СЭББ) жолданды.
Сондай-ақ, аралау барысында адам көп шоғырланатын орындарда карантин талаптарын сақтау бойынша бірнеше мәрте түсіндірме жұмыстарының жүргізілгеніне қарамастан бұзушылыққа жол берген «Асбол», «Талғат», «Сыбаға» сауда орындарының басшыларына анықтама толтырылып, СЭББ-ға жолданды.
Мониторинг топ жетекшісі Бектас Балғабайұлы карантин режимі кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндірген азаматтар тиісті жауапкершілікке тартылатынын ескертті.