ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ
Құрметті жерлестер!
Баршаңызды айлардың сұлтаны болған, берекелі де кешірімі мол қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Рамазанды – исі мұсылман жамағат асыға күтіп, таңның атысынан күннің батысына дейін ауыз бекітіп, Жаратушыға сансыз шүкірлігін айтады. Қасиетті Құранда айтылғандай мүбәрак айдың ерекшелігі сол, бұл мезгілде жасалған кез келген игі істің, жақсы амалдың сауабы еселеніп жазылады.
Мұхаммед Пайғамбарамыз: «Кімде-кім ораза тұтса және Аллаһ разылығы үшін шын ықыласымен тарауих намазын оқыса, Аллаһ тағала оның тіршіліктегі күнәларын кешіреді және не тілеген болса тілектері қайтарылмайды»,- деген екен.
Қадірлі ағайын!
Қасиетті айда ұстаған оразаларыңыз қабыл болып, жасаған игі істеріңіз сауаптан жазылсын. Алла тағала әр отбасының береке-бірлігін арттырып, қылған құлшылықтарыңызды, тілеген дұғаларыңызды қабыл етіп, асыл дінімізге қуат, әр мұсылманға иман байлығын бергей.
Ізгі ниетпен,
Қызылорда қаласының әкімі Ғ.Қазантаев