Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін қала әкімінің орынбасары Есжанов Асқарбек Темірбекұлы Ауған соғысының ардагерлерімен кездесіп, мерейтойымен құттықтады. 
Бүгінде Отан алдындағы борышын өтеу жолында асқан ерлік көрсеткен ардагерлердің бірі Рашид Сәбитұлы жетпіс жасқа және Нұржан Ғаниұлы алпысқа толған мейрейтойларын атап өтуде. 
Елдің ертеңі үшін қалтықсыз қызмет жасаған, өз Отанына деген шынайы жанашыр аға буын өкілдерін ұлықтау, құрмет көрсету назардан тыс қалған емес. 

Осы орайда, Асқарбек Темірбекұлы от пен оқтың ортасынан елге аман-есен оралып, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде өз үлестерін қосып жүрген Ауған соғысының ардагерлеріне шынайы алғысын жеткізе отырып, құрметпен шапан жапты. 

Ауған соғысының ардагері Әлібек Жаров ардагерлерге көрсетілген құрмет үшін  алғысын жеткізіп, еліміздің өркендеу жолындағы еңбекке табыс, өскелең ұрпаққа бейбіт өмір тіледі.
07 сәуір 2021 ж. 912 0

Күнтізбе

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?