Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛАІШІЛІК ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ЖОЛ СЫЗБАСЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРАЛДЫ

2 сәуір күні қала әкімінің орынбасары Е.Рахматуллаевтың төрағалығымен қоғам белсенділері мен жауапты сала қызметкерлерінің қатысуымен қалаішілік қоғамдық көліктердің жол сызбасын оңтайландыру бағытындағы жиналыс өтті.
Айта кету керек, тұрғындардың сұранысына байланысты Қызылорда қаласы көлемінде бағыттардың жол сызбасы ұзартылуы  ғылыми негізде соңғы рет 2007 жылы жасалған. Бұл өз кезегінде қалаішілік қоғамдық көліктердің жол сызбасын қайта жаңартуды қажет етеді. 

2007 жылдан бері жаңадан бой көтерген мөлтек аудандар мен шалғай орналасқан елді мекендер, саяжай, бау-бақша серіктестіктерін қоғамдық көлікпен қамту және қала көлемінде орналасқан базар аумағында көлік кептелісін азайту мақсатында қоғамдық көліктердің жол сызбасын оңтайландыру үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған болатын. Нәтижесінде Алматы қаласындағы Көлік және коммуникациялар ғылыми-зерттеу институты серіктестігі ұсынған жобалармен танысып, толықтыру мен өзгерістер енгізу бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Жол сызбасын оңтайландыру жұмыстары кезінде қаланың Бәйтерек, Саяхат мөлтек аудандары, қалаға қарасты ПМК-29, ПМК-66, Сабалақ, Ягодка, Пищевик саяжайларын толық қоғамдық көлікпен қамту жоспарлануда.

Сонымен қатар, Ескі базар аумағында көлік кептелісін азайту мақсатында қоғамдық көліктердің бағыт санын азайту қарастырылуда.

Аталған жұмыстарды 2021 жылдың 1-ші жарты жылдығында аяқтау жоспарланған.
05 сәуір 2021 ж. 849 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?