Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ГАЗ ЖАБДЫҚТАРЫН ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІН ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА ЖҰМЫСШЫ ТОБЫ ҚҰРЫЛДЫ


Бұл туралы бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түйменов баяндады.

   Қазіргі уақытта қала көлемінде тұрғын үйлер, қоғамдық тамақтану объектілерінің ғимараттары мен құрылыстарында газ балонының жылыстану мен жарылуы салдарынан төтенше жағдайлардың орын алуы артқан.

Мәселен, жыл басынан бері осындай газ қондырғыларын пайдалану ережелерінің сақталмауы салдарынан 2 оқиға орын алған.

Осындай оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында жұмысшы тобы құрылып, қоғамдық тамақтану орындары мен тұрғын үйлерде газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелерін түсіндіру мақсатында мониторинг жұмыстарын тұрақты жүргізуде.

Бұл ретте, тұрғындардың газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы маңызды. Мамандар газды тұрмыста қолдану барысында газдандыруды өз бетінше жүргізуге, алмастыруға және жөндеуге қатаң тыйым салынғандығын және кез-келген жұмыстарды мамандандырылған ұйыммен жүргізуге кеңес береді. Бұл туралы 33 мың 510 тұрғын үйге түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Сонымен қатар, жылдың көктемгі-күзгі тазалық жұмыстары кезінде бақылаусыз жану жағдайларының орын алуы тоқтамай отыр. Оның ішінде, биылғы жылдың өзінде қала аумағында орналасқан бейіттерде 7 өрт оқиғасы тіркелген. Аталған жағдайларды болдырмау мақсатында тұрғындарды бейіттерді қураған шөптерден, қалдықтар мен қоқыстардан тазартуға қолдау көрсетуге шақырамыз.

02 сәуір 2021 ж. 694 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?