КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжановтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қала әкімдігі жанындағы комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.
Комиссияның күн тәртібінде өзекті деген бірнеше мәселе қаралды. Мәселен, «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары туралы», сонымен қатар, «Кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсауының алдын алу шаралары туралы» және «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың, қоғамға жат іс-әрекеттердің алдын алуға, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған рейдтік шаралар ұйымдастыру туралы» мәселелері талқыланды.
Отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Комиссия төрағасы Асқарбек Темірбекұлы кәмелетке толмағандардың профилактикасын күшейту мақсатында сала басшыларына тиісті тапсырмаларын берді.