Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

"КӨШЕ FEST" байқауының жеңімпаздары анықталды

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлауға арналған тұжырымдамаға сәйкес "ЖАЙНАУ" күнінде  қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен "КӨШЕ FEST" үздік көшелер байқауы биыл үшінші мәрте өткізілуде.
Байқауға қала аумағынан 7 көше бақ сынасты. 
Екі кезеңнен өткен байқауда үміткерлер алдымен өз көшелерінің тарихын бейнеролик арқылы таныстырса, екінші кезеңде өнер жарыстырып, наурыз тойы негіз болған театрландырылған қойылымдарын көрсетті.
Сонымен, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әбішев бастаған қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдеге Титов қыстағынан келген Ш.Құдайбердіұлы атындағы көшенің өнерлі тұрғындары лайық деп танылса, І орынды Қызылжарма ауылынан Қ.Сексенбаев көшесінің тұрғындары жеңіп алды. Ал ІІ орын Қараөзек ауылының Ж.Маханбетов атындағы көше тұрғындарына бұйырса, Талсуат ауылының А.Құнанбаев атындағы көше тұрғындары ІІІ орынды қанағат тұтты. 

Барша жеңімпаздар мен қатысушыларға қаржылай сыйлықтар табыс етілді.
16 наурыз 2021 ж. 824 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?