ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ МҰҒАЛІМДЕР ЕКПЕ САЛДЫРУДЫ БАСТАДЫ
Бүгін ерікті түрде екпе салдырған директорлардың бірі #101 мектеп-лицейдің директоры Айгүл Өткелбаева. Мектеп басшысы өз денсаулығы үшін екпе салдырудың маңыздылығы айта келіп, педагогтарды вакцина салдыруға шақырды.
- Бүгін Қызылорда Қалалық #3 емханада "Covid 19" вакцинасын ектірдім. Жағдайым қалыпты, ешқандай әлсіреу симптомдарын аңғармадым. Дәрігер алдымен қандағы қант мөлшерін, қан қысымын өлшеп жалпы жағдайыммен танысқан соң екпе жасауға жіберді. 21 күннен соң екінші кезеңдегі вакцинаны алуға шақырды, вакцинадан соң үш күн суға түспеуді, әлсіздік, буынның сырқырауы, ұйқының келуі, дене қызуы көтерілуі мүмкін деген ақпарат берді. Вакцина алуға қорықпаңыздар, денсаулық ең қажетті байлық,-деді Айгүл Өткелбаева.
Ереже бойынша алдымен әрқайсысының денсаулығы тексеріліп, кейін екпе салынған соң жарты сағат бойы дәрігердің бақылауында болды.
Айта кету керек, Қызылорда облысына коронавирус инвекциясына қарсы егілетін 6200 «Спутник V» дозасы келді. Оның 3600-і бірінші компонентте, 2600-і екінші компонентте егілетін болады.
ІІ кезеңде вакцина алмаған медицина қызметкерлеріне, мұғалімдерге және жұқтыру қаупі неғұрлым жоғары болып саналатын жұмыс орындарының қызметкерлеріне салынады.