Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНА ТОСҚАУЫЛ ҚОЮ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қызылорда қалалық прокуратурасының бастамасымен алаяқтық қылмыстарды болдырмау, алдын алу бағытында арнайы семинар кеңесі өтті.

Қызылорда қаласының прокуроры Жақанов Ағыбай Қасымбайұлының төрағалығымен өткен семинар кеңесіне қала әкімінің орынбасары, қалалық полиция басқармасының басшылық құрамы, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының, Ұлттық Банк және байланыс операторларының өкілдерімен қала белсенділері шақыртылып, алаяқтық қылмыстарға тосқауыл қою жөніндегі мәселелер талқыланды.

Жиында қала көлемінде алаяқтық қылмыстардың орын алып отырған деректері және қылмыстық көрсеткіштердің жалпы төмендегенімен алаяқтардың арбауына түсіп жатқан тұлғалардың аз еместігі туралы баяндалды.

Қалалық прокуратурасының қылмыстық қудалау бөлімінің бастығы Махамбетжанов Бақай Тоғысұлы «Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2021 жылдың 2 айында қала көлемінде 505 қылмыстық құқық бұзуышылық тіркеліп, өткен жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда 23 пайызға түскенімен, алаяқтық қылмыстар, 93-тен – 171-ге, яғни 84 пайызға өсіп облыс орталығында дәл осы қылмыстың ахуалы күрделі сипатта» - екенін атады.

Бұл ретте, қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Сыздықов Сәкен Абибуллаұлы «алаяқтық қылмыстар азаматтардың әлі де болса құқықтық сауаттарының төмендігінен орын алып жатқандығын және қазіргі уақытта осы қылмыстардың интернет, әлеуметтік желілерде кеңінен таралып отырғанын» - атап өтті.

Өз кезегінде Қызылорда қаласының прокуроры Ағыбай Қасымбайұлы мүдделі мемлекеттік органдарға алаяқтық қылмыстардың алдын алу мақсатында жүйелі түрде тиісті шаралар атқару жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Осы ретте, азаматтарға алаяқтардың арбауының құрбаны болмас үшін өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттарын, банк карточкалары жөніндегі мәліметтер және қосымша қандай да бір ақпараттарды екінші, үшінші тұлғаларға бермеу қажеттігі мен несие рәсімдеу кезінде тек құзырлы органдарға жүгіну қажеттігін ескертеміз.
01 наурыз 2021 ж. 912 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?