Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚЫЗЫЛОРДА: АУЫЗ СУ БАҒАСЫ АРЗАНДАҒАН

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев шаһардағы бірқатар нысандарды аралады. Аралауды алдымен күрделі жөндеуден өткен «Су жүйесі» мекемесінің қазіргі тынысы мен жұмысын көруден бастаған қала басшысы жаңарған ғимараттың жаңалықтарына оң баға берді. 

Мекеменің орналасқан ғимараты 1964 жылы бой көтерген. Содан бері жөндеу көрмеген нысанның тозығы жетіп, қызметкерлердің жұмыс істеуіне айтарлықтай қиындық туғызған. Былтыр жарты ғасырдан астам тарихы бар ғимараттың жаңа кейіпке енуіне «Жұмыспен қамту Жол картасының» шарапаты тиді. Бағдарлама аясында бөлінген қаржыға су жүйесінің өндірістік техникалық базасы жаңғыртылып, ғимараты жөнделді. Мекеме  ауласы асфальтталып, цех және гаражы қалыпқа келтірілді. Сонымен бірге мекеменің тағы бір жаңалығы тұрғындардың ауыз су мәселесіне қатысты сауалдарын қабылдауға арналған диспетчерлік бөлім құрылған. Артықшылығы су жүйесінің мамандары бұрынғыдай үй-үйді аралап, тұрғындар қарызын жинаумен айналыспайды. Суға қарызыңыз болса қоңырау шалып не болмаса хабарлама жазу арқылы ескертеді. Ал тұрғындар қарызының бар жоғын анықтағысы келсе орталықтың байланыс номеріне (+77056903410) хабарласып, ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

Аралау барысында мекеменің бүгінгі өзгерісі мен қол жеткен жетістігінің барлығы мемлекет тарапынан көрсетілген үлкен қолдаудың нәтижесі деген қала әкімі «Ғимараттарыңыз жаңарды. Ендігі ретте тұрғындарға үздіксіз қызмет көрсетіп, сапалы ауыз сумен қамту керек» - деді. Сонымен бірге  қызметкерлердің айлығын уақытылы төлеп, үздік жұмысшыларға сыйақы беруді де үйлестіру керектігін де  атап өтті. Сондай-ақ тұрғындармен тілдесіп, мекеменің қызмет көрсету сапасы жайында пікірлесті. 
Өз кезегінде мекеме басшысы Марат Жәмиев қызметкерлердің айлығы бұрын 6-7 айға дейін кешіктірілсе қазір бір жүйеге келіп қалғандығын айтып, саладағы жағымды жаңалықтың бірі қаладағы ауыз су тарифы арзандап, 61 теңгеден 44 теңгеге төмендегендігін жеткізді.
Өткен жылы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жаңа қалада тұрып жатқан елдің қуанышын еселеп, көптің сүйіншілей айтқан хабарының бірі жаңа модульді жылу қазандағының іске қосылуы болды. Германия мен Италиядан әкелінген соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған жаңа нысан еліміз бойынша цифрлық технологиямен жабдықталған жалғыз орталық. Бүгінде жылу орталығының бірінші кезеңі аяқталып, сол жағалау аумағында орналасқан 32 көпқабатты тұрғын үймен 2 әлеуметік нысанды («Рухани жаңғыру» және «Жастар орталығы») жылумен қамтамасыз етіп тұр. Мұндағы бір қазандықтың өзі 100 үйді жылумен қамтамасыз етуге қауқарлы. Орталық құрылысының екінші кезеңі толық іске қосылғанда сол жағалауды түгел жылумен қамтамасыз ететін болады.
18 ақпан 2021 ж. 799 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?