Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

КӨППӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР АУМАҒЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Қызылорда қаласы әкімдігі тарапынан тұрақты түрде құзырлы органдармен бірлесе отырып, 2019-2020 жылдар аралығында Әйтеке би, Қорқыт-ата, Өсербаев, Әуезов көшелерінде орналасқан көппәтерлі үйлердің тұрғындары тарапынан жалға берілетін пәтерлердегі құқық бұзушылық мәселелеріне қатысты келіп түскен өтініштерге қатысты төмендегідей шаралар қабылданып келеді.
Атап айтсақ, Өсербаев көшесі тұрғындарының қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында қалалық полиция басқармасынан барлығы 12 қызметкер және арнайы «ИВЕККО» автокөлігі бөлінген және екі ауысымда тәулік бойы кезекшілік жұмыстары атқарылуда.
Б.Өсербаев көшесі бойына 6 дана «тұруға болмайды» жол белгілері орнатылып, түнгі уақыттағы жол қозғалысы ережелерін реттеудегі мәселе жүйеге келтірілді.

Жалпы, сол аумақтағы аулалар жарықтандырылып, тұрғын үйлердің кіреберістері домофонмен қамтылса, «Бұлтты бейнебақылау» жобасы бойынша 16 дана бейнекамера орнатылды.
Бұған қоса, көше бойындағы шектеу қойылған пәтер ұсынушылары мемлекеттік кірістер органдарына тіркелді.
Бірлескен шараларадың нәтижесімен, ұсыныс-пікірлерді ескере келе «М.Мәметова» атындағы педагогикалық жоғары колледжінің ғимаратынан осы аумақтағы тұрғындардың қауіпсіздігі мен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында учаскелік полиция пункті ашылды.
Сонымен қатар, қалалық прокуратурасының 2020 жылға бірлескен арнайы жоспарына сәйкес, жергілікті телеарна өкілдерінің қатысуымен аталған көшелер бойында орналасқан кәсіп иелерімен тұрығындарға ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 200 бабында көзделген, яғни алкоголь өнімдерін түнгі белгіленген уақытта сатылмау талаптары түсіндіріліп, арнайы жадынамалар таратылды.

Қылмыстың алдын алу және қылмыс оқиғасына қатысты тұлғаларды дереу анықтау үшін қала әкімдігінің кәсіпкерлік саласындағы уәкілетті органы мен учаскелік полиция инспекторларының қатысуында аталған аумақтағы кәсіп иелері мен жеке пәтер иелерін аралау жұмыстары жүргізіліп, өз ғимараттарын бейнебақылау камералары мен түнгі жарықтандырудың орнатылуына ықпал ету жөнінде арнайы хаттар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қоса, Қызылорда облыс прокурорының бірінші орынбасары жанында 2021 жылдың 3 ақпанында осы аумаққа қатысты мәселелері бойынша арнайы жиын өткізіліп, құзырлы мемлекеттік мекемелерге бірқатар тапсырмалар берілді.
Берілген тапсырмалардың жүйелі әрі қысқа мерзімде орындалуы үшін бірккен іс-шаралар жоспары бекітіліп, құзырлы мекемелермен тиісті жұмыстар атқарылуда.

Жалпы, жасалған кешенді профилактикалық шаралардың нәтижесімен бұл аумақтағы құқық бұзушылық деңгейі төмендеген.
Қалалық полиция басқармасының мәліметіне сәйкес бұл аумақта 2020 жылы 450 заң бұзушылық әрекеті бойынша әкімшілік хаттама рәсімделіп, оның ішінде орын алған 12 қылмыстық дерегінің  6 ашылған.

Ал, 2021 жылдың қаңтар айындағы ақпаратта 35 әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалар рәсімделіп, қылмыс оқиға дерегі тіркелмеген. 
Аталған мәселе қала әкімдігі тарапынан тұрақты бақылауға алынып, мүдделі құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. 
Айта кету керек, бұл аумақта орналасқан 6 көппәтерлі үйде барлығы 484 пәтер болса, оның ішінде 67 пәтер дара кәсіпкер (ИП) ретінде тіркелсе, қалған пәтерлер бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының бақылауында.
15 ақпан 2021 ж. 554 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?