Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛА ӘКІМІ Н.НӘЛІБАЕВ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕБІН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ауыл тұрғындары алдындағы есептік кездесуін Ақсуат, Талсуат және Қызылөзек халқының алдында қорытындылады.

Шаһар басшысы ауылдықтардың ұсыныс-пікірлеріне көшпес бұрын жыл қорытындысындағы қала экономикасының даму динамикасын талдап, негізгі көрсеткіштерін баяндады. 

Есептік кездесуде одан әрі ел тілегін тыңдап, сауалдарына жауап берді. Ақсуат жұртының ауылымызға газ қашан келеді деген сұрағына қала әкімі жоспарға сай жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын айтып «2022 жылы табиғи газды тұтынуларыңызға толық мүмкіндік жасаймыз» - деп, жауап берді.

Соңғы жылдары жол мәселесі шешімін тауып келе жатқан Ақсуатта  өткен жылы «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында 16 көше жөндеуден өтті. Оған қосымша «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен 1 көшеге тас төселді. 53 шақырым су құбырлары жүргізіліп, Наурыз саяжайы толығымен ауыз сумен қамтылды. Биыл округке жаңадан қосылған 14 шеткі көшеге қосымша электр желілерін тарту, көшелерді жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Талсуаттың тұралап қалған шаруасы соңғы жылдары жанданып, кезегін күткен мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тапты деген ауылдықтар қала әкіміне алғыстарын жетікізіп, елді мекенді жарықтандыруға байланысты сауалдарын көтерді. Ел сұрауын елеусіз қалдырмаған қала әкімі бұл жұмыстарды басты назарына алатындығын айтып, мәселенің жыл көлемінде шешілетіндігін жеткізді. Сонымен бірге 2021 жылы ауылда атқарылар жұмыстарды атап өтті.

Мәселен, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 5 шақырым болатын 9 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 5 көшеге тас төселеді. Сондай-ақ  5 көшенің 3,1 шақырымы  жарықтандырылмақ. 
Ал қызылөзектіктердің айтуынша өткен жылы ауылда атқарылған жұмыс аз болмаған. Енді округке қарасты Айнакөлдің кіре беріс жолын  жарықтандыру кезегін күтіп, аяқ су жайы да елді алаңдататып отыр. «Ауылға аяқ су апару үшін 1 дана дизельді насос қондырғысына қаржы бөлінді» - деген, шаһар басшысы Айнакөлді жарықтандыруға «Өңірлерді дамыту» арқылы қаржы қаралғанын да атап өтті. Қос мәселенің күрмеуін қатар тарқатқан қала әкіміне ауыл халқы алғаусыз алғыстарын білдіріп, ізгі лебіздерін жеткізді.
06 ақпан 2021 ж. 603 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?