Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Н.НӘЛІБАЕВ: ҚАЛАНЫҢ ДАМУЫНА ӘРБІР ТҰРҒЫННЫҢ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ЗОР

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың 2020 жылды қорытындылап, есеп беруі Қызылжарма және Қосшыңырау ауылдық округ тұрғындарының алдында жалғасты. 

Онлайн форматтағы есептік кездесуде әрбір атқарылған істің артында елдің ауызбіршілік пен атқарған жұмысы, еселі еңбегі жатыр деп бастаған шаһар басшысы қаланың өткен жылдағы айшықты көрсеткіштерін саралап, жетістіктерін сөз етті. Сонымен бірге қаланың дамып, көркеюіне әрбір тұрғынның, әрбір қарапайым жұмысшының қосқан үлесінің зор екендігін атап өтті.
Бір жылдық белесті бағалап, жетістіктерді жіпке тізгендей баяндаған қала әкімі есептік кездесуді халықтың ұсыныс-пікірін, өтініш-тілегін тыңдаумен жалғады.

Сұрақтар легін Қызылжарма тұрғындары бастап, ауылдың жарық мәселесі мен жол жөндеу жұмыстарына қатысты пікір білдірді. Тұрғындардың тілегі ауылдың Қызылжарма-2 бөлігіне сапалы электр бағаналарын орнатып, жарық қуатын арттыру мен жол жөндеу жұмыстарының қарқынын былтырғыдан бәсеңдетпеу болды.
Елді мекенде өткен жылы 60 шақырым  электр желісі жаңартылып, 37 көше жөндеуден өтті деген қала әкімі биыл да ауылда атқарылар жұмыстың аз еместігіне тоқталды. 
Ал тұрғындардың  жарық мәселесіне  қатысты көтерген сауалына қалалық электр тораптары басқармасының басшысы Орынбек Дәуенов «Қазір бағаналарын жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша жыл аяғына дейін бұл мәселе толығымен шешіледі» - деп, жауап қайырды. Қала әкімі бұл жұмыстың орындалу барысы өзінің тікелей бақылауында болатыныдығын айтып, жауаптыларға жұмысты жылдамдатуды тапсырды.

Кездесудегі қосшыңыраулықтардың көкейтесті сауалы газға қатысты болды. Бұл мәселеге шаһар басшысы «Қалаға қарасты ауылдарды табиғи газбен қамту күн тәртібіндегі негізгі мәселенің бірі. Қазіргі таңда көгілдір отынға қосылмаған  4 ауылдық округ қалды. Осы тізімдегі Қосшыңырауға газ кіргізу үшін ұсыныс берілді. Ендігі кезекте мемлекеттік  сараптаманың оң нәтижесі алынса, жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге кірісеміз» - деп, жауап берді.
Қала әкімінің жауабына қанағаттанған қосшыңыраулықтар шаһар басшысына алғыс білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Есептік жиында бір жылдық белесті бағалап, көп жылдық келешекке бағытталған ауқымды жобалармен бөліскен қала әкімі кездесу соңында сөзін «Қызылорданың бүгінін биік, келешегін кемел ету жолында өздеріңізбен жұмыла жұмыс жасайтынымызға сенім білдіремін» - деп түйіндеді.
06 ақпан 2021 ж. 620 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?